Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы

Оразалин Сләмбек Қалибекұлы
Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауданында туған. 1973-1978 Семей Педагогикалық институтын қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: ШҚМУ 1990 аға - оқытушы, 2001-Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. 2001 жылы «Қазақ тілі жуасыңқы дауыссыздарының жасалым түрленімі» тақрыбына кандидаттық диссертация қорғады.ф.ғ.к. 2001ж., доцент 2002ж. Еңбектері: 40- тан астам ғылыми және әдістемелік еңбек авторы, 4 оқу -әдістемелік жұмыстар.
Оқулықтары – 1:
- Қазақ тілі жуысыңқы дауыссыздардың түрленмі. ШҚМУ баспасы, Өскемен: 2002, 161 б.;
Әдістемелік еңбектер – 4:
- Үш тілде сөйлейміз. Өскемен: 1994,77 б. (авторлық бірлікте);
- Үш тілде сөйлейміз. Өскемен: 1995, 24 б. (авторлық бірлікте);
- Қазақ тіліндегі жаттығулармен бақылау жұмыстары. Өскемен: 1995,32. (авторлық бірлікте);
- Лексикология курсынан лабораториялық жұмыстармен арнайы тапсырмалар. Өскемен: ШҚМУ баспасы, 1998, 87 б.;
Оқу құралы – 1:
- Қазақ тіліндегі септіктер жүйесі.С.Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Өскемен, 1999,59 б.;
Мақалалары (кейбір):
филологиясының өзекті мәселелері, ШҚМУ баспасы.- 2000,10-23 б..
- Тербеліңкі жуысыңқы дауыссыздардың жасалым түрленімі. А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты ҚР БжҒМ. Алматы, 2001;
- Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың көмескі белгілері. Шоқан тағылымы-6. (Халкыаралық ғылыми практикалық конференция материалдары). Көкшетау, 2001ж., 82-85б.;
Кредиттік оқу жүйесі бойынша жүргізетін пәндері: «Қазіргі қазақ тілі (лексикология)», «Жалпы тіл білімі».

Бияров Бердібек Нұралдаұлы 1962 жылы Катонқарағай ауданында туған. 1985 – 1990 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ды қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірді. 1990 – 1998 жылдары Катонқарағай ауданында газетте тілші, мектепте мұғалімдік жұмыстар істеді.
2000 жылы «Өр Алтайдың оронимдері (тарихи-лингвистикалық талдау)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
2003-2005 жылдары аға ғылыми қызметкерлікте болып, докторлық диссертация жазумен айналысты.
«Өр Алтайдың жер-су аттары» (монография), «Шығыс Қазақстан облысының топонимдік сөздігі» (авторлармен бірге), «Шығыс Қазақстаның мәдени мұрасы» (авторлармен бірге) және 40 шақты ғылыми мақалалары жарық көрген.
Кафедрада ашылған «Ономастиканың өзекті мәселелері» атты ғылыми-зерттеу зертханасының жетекшісі.
Университетте беретін негізгі пәндері:
- Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
- Түркітануға кіріспе
- Көне түркі тілі
- Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы

Рахымбаева Гауһар Қинаятқызы – филология ғылымдарының кандидаты, филология және журналистика факультеті деканының оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушысы. 1998 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2000 жылы Жоғары Магистрлер Мектебін аяқтаған. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Әдебиет және өнер институтында «Шығыс Қазақстан өңіріндегі тарихи жырлар (бұрын жарияланбаған жырлар негізінде)» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғаған.
«Қазақ әдебиетінің тарихы» (1960-200жж.), «Қазіргі кезең әдебиеті», «Көркем мәтінге филологиялық талдау» атты пәндерден дәріс, семинар сабақтарын жүргізеді.
Аталмыш пәндерден студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен дайындаған. Фольклортану ғылымының және қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері аясында студенттердің ғылыми мақалалары, курс жұмыстары мен бітіру жұмыстарына жетекшілік жасайды. Жетекшілігімен жазылған студенттердің мақалалары республикалық конференцияларға ұсынылып, жарық көріп отырады, ректор, декан алғысына ұсынылады. Қорғалған бітіру жұмыстары мемлекеттік аттестациялау комитеті тарапынан жоғарыға бағаланады. Г.Қинаятқызы студенттердің сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру барысында түрлі шығармашылық жұмыстарды қолданып отырады.
Гауһар Қинаятқызының құрастыруымен бірнеше тарихи жыр араб және латын әріптерінен кириллицаға түсіріліп, ғылыми қосымшалары жасалып, «Шығыс Қазақстан өңіріндегі тарихи жырлар» деген атпен жеке оқу құралы болып жарық көрген.
2005-2006 жылдарда А.С.Аманжолов атындағы Түркология ғылыми-зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды. Орталықта көне мұралардың қазақ фольклорымен байланысын зерттеумен айналысып, ғылыми еңбектерін жарыққа шығарды.
Жиырмаға жуық ғылыми мақалалардың авторы. Мақалалары республикалық, халықаралық конференция материалдары жинақтарында, ғылыми, әдеби және т.б. басылымдарда жарық көрген.

Барбосынова Қарлығаш Түркістанқызы.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы.
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы Құйған ауылында туған. 1990 жылы Самар ауданындағы Амангелді орта мектебін бітірген.
1995 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы
бойынша үздік дипломмен аяқтаған. Ұстаздық жолын аталмыш факультетте қазақ әдебиетінен сабақ беруден бастаған. Еңбек стажы – 11 жыл.
Алматыдағы М.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының ізденушісі.
«Ежелгі дәуір әдебиеті», «Хандық дәуір әдебиеті», «Балалар әдебиеті» курстары бойынша дәріс оқиды. Осы пәндер бойынша оқу бағдарламаларын, типтік бағдарламалар, сөздік, әдістемелік нұсқаулар, электронды оқулықтар дайындаған. Дәріс оқитын салалары бойынша бірнеше курстық, дипломдық жұмыстарға жетекшілік еткен.
Бірнеше халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысқан. 35-тен аса ғылыми, әдістемелік мақалалардың авторы.

Айтмұқашова Аида Айтмұқашқызы, 1974 жылы туған. 1996 жылы ШҚМУ-дың филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
бойынша бітірген. 1996 жылдан бастап С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қазақ филологиясы кафедрасында оқытушы болып жұмыс істейді.Сабақ жүргізетін пәндер: Нормативті қазақ тілі, Қазақ диалектологиясы, Орфография мен пунктуация бойынша практикум. 2000 жылдан бастап А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ізденушісі. Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Ғұрыптық фольклор лексикасы». Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Е.Н.Жанпейісов. Тақырып бойынша халықаралық және орталық басылымдарда 7 мақала жарық көрді.

Асылханова Кенжегүл Имашқызы 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында дүниеге келді. 1989 - 2000 жылдары А.Байтұрсынов атындағы орта мектепте оқыды. 2000 – 2005 жылдары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі» мамандығын бітірді. 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап «қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының оқытушысы. «О.Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» романындағы кейіпкерлер болмысы» атты мақаласы жарық көрді. «Шығыс әдебиетінің тарихы», «Қазақ әдебиетінің тарихы» пәндерінен дәріс береді.

Қайырбаева Жазира Қуатбекқызы 29.12.1977 ж. ШҚО, Өскемен қаласында дүниеге келген. Марқакөл ауданы, Қалжыр орта мектебінде 11 жылдық білім алып, 1995 жылы ШҚМУ-нің 521230 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға түсті. 1999-2001 жылдар аралығында ШҚМУ-нің 521250 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының «Тілтану» бағыты бойынша магистратурада оқыды. Жалпы университеттегі еңбек өтілімі (стаж) – 5 жыл.
2005 ж. А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ізденушісі. Ғылыми жетекшісі ф.ғ.д., профессор З.М. Базарбаева. Ғылыми жұмысы суперсегменттік фонетика, тіл біліміндегі жаңа бағыт интонология мәселелерімен байланысты. Тақырыбы: Қазақ тіліндегі акценттік белгілеудің семантикасы.
«С.Аманжолов оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында жыл сайын осы тақырыбы көлемінде ғылыми баяндамалар жасап тұрады. Ғылыми тақырыбына байланысты кандидаттық диссертациясын жазумен айналысуда.
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасында қоғамдық жұмыстармен айналыса отырып, кафедра бойынша оқу үрдісі мен оқу жоспарына сай өтіп тұратын іс-тәжірибелерге жауапты.
Бітіру, курс жұмыстарына және студенттердің ғылыми конференцияларына ғылыми жетекшілік жасайды.
Мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмысын атқарады. Жүргізетін пәндері – «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі», «Тілдік қатынас негіздері», «Тіл біліміне кіріспе», «Ғылыми зерттеу әдістемесі».

Әлімхан Айгүл Әсетқызы – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты. 1996 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді. 1998 жылы аталған университеттің «филология» (тілтану) мамандығы бойынша магистратураны аяқтады. 1999-2000 жылдары осы университетте аспирантурада білім алып, 2001 жылдың 25 мамырында ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл білімі институтындағы диссертациялық кеңесте «Шығыс Қазақстанның оңтүстік аймағы топонимдерінің тілдік және этномәдени негіздері» атты кандидаттық диссертациясын қорғады. Жүргізетін пәндері – «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы», «Қазақ әдеби тілінің тарихы». 20-дан аса еңбектердің (оқу құралы, сөздік, монография, мақалалардың) авторы.

Дүсіпбаева Қарлығаш Советқанқызы 1971 жылы Семей облысы Шар қаласында туған. 1988 жылы ШҚО Күршім №3 - орта мектебін бітіріп,
сол жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтттық университетіне (Алматы) түсіп, «қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығын тамамдаған. 1993 жылдан Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жұмыс істейді. 1995-1998 жыл аралығында аспирантурада оқыды. 2001 жылы «Қазақ ескіліктерінің сандар жүйесіндегі тілдік көрінісі» атты диссертацияны проф. Е.Жанпеисовтың жетекшілігімен қорғаған. 2 оқу-әдістемелік құрал, 1 электронды оқулық, 25 ғылыми мақалалары жарық көрген. Жоғарғы магистрлік мектепте «Тіл білімінің өзекті мәселелері», «Түркі этнолингвистикасы» пәндерін, студенттерге «Тіл біліміне кіріспе», «Стилистика», «Тіл мәдениеті» пәндерінен дәріс оқиды. Бірнеше тақырыпта магистрлік жұмыстар мен бітіру жұмыстарын қорғатып жүр.

Берикболова Асель Жумагалиевна (27.02.1982ж. ШҚО, Үржар ауданының Қабанбай ауылында д.к.). 1999-2003 ШҚМУ Қазақ филологиясының Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында, 2003-2005ж.ж. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақ филологиясының магистрлік мектебінде оқыған, 2005 ж. А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтыны ізденушісі. Ғылыми жетекшісі ф.ғ.д., профессор З.М. Базарбаева. Ғылыми жұмысы суперсегменттік фонетика, тіл біліміндегі жаңа бағыт интонология мәселелерімен байланысты.
Жарық көрген мақалалары: Қазақ тілінде термин-қалыптастыру бүгінгі күн талабы (С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың жас ғалымдары конференциясының баяндамалары 2004ж., 26-28 қаңтар),
Тілдегі интонацияның функциясы («С.Аманжолов оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағы 2005ж.), Тілдегі функционалды стильдердің классификациясы (С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың жас ғалымдары конференциясының баяндамалары 2005ж., қаңтар) Интонацияның бірегей функциялары («Қ.Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағы 2005ж. 15 сәуір Повладар қаласы), Сөйлеу тіліндегі просодикалық тәсілдер («Қ.Сәтбаев оқулары-2006» халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 12 сәуір Повладар қаласы), Функционалды стиль мәтіндерінің интонацилық құрылымы (Мемлекеттік тіл және рухани мәдениет мәселелері халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 2006), Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығындағы студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен. Қазіргі қазақ тілі. Фонетика. 2005ж. желтоқсан.

Келгембаева Бақытжан Бекенқызы Филология ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген (1995). Еңбек стажы – 11 жыл, ЖОО – дағы еңбек стажы – 11 жыл. 2000 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми Кеңесінде 10.01.09 фольклортану мамандығы бойынша академик С.А. Қасқабасовтың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғады. 2002 жылы оқу жоспарына жаңадан енгізілген «Әдеби шығармашылық» пәнінен лекциялар курсын жазды. «Қазақ халық ауыз әдебиеті», «Әдебиеттануға кіріспе», «Әдебиет теориясы» пәндерінен лекциялар курсының қолжазба нұсқаларын жасады.
Оқытушының 25 ғылыми және әдістемелік еңбектері жарық көрген. «Шығыс Қазақстан өңірінің әпсаналары» атты арнайы курсқа жазылған оқу құралы 2000 жылы, әдебиеттанудың барлық саласын қамтыған «Қазақ әдебиетінен тестер жинағы» 2002 жылы жарық көрді.
Доцент Келгембаева филология ғылымы мен жоғары мектеп әдістемесінінің соңғы жаңалықтарын меңгеріп отырады. 2003 жылы сәуір-наурыз айларында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әдебиет теориясы және фольклортану кафедрасында біліктілігін көтеріп қайтты. Келгембаева Б.Б. оқу процесіне жаңа технологияларды кеңінен қолданады. Мәселен, «Әдеби шығармашылық» курсынан электронды оқулық әзірлеп, оны сабақ барысында пайдаланады. Сабақ барысында студенттердің таным белсенділігін арттыру жолында үнемі ізденіс жүргізіп отырады. Студенттердің өзіндік жұмыстарына нақты тапсырмалар беру, студентті білім деңгейіне орай саралап оқыту, үздік, талантты студенттерге шығармашылық жұмыстар орындату т.б. іс-тәжірибесінде кеңінен қолданады.
Оқытушы 1995 жылдан бері курс жұмыстары, бітіру жұмыстарына, магистрлік диссертацияларға жетекшілік жасап келеді. Осы уақыт аралығында оның жетекшілігімен қорғалған ғылыми жұмыстар Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы тарапынан жоғары бағаланады. Жыл сайын студенттердің ғылыми-практикалық конференциясына 4-5 баяндамаға жетекшілік жасайды.
2003-2004 жж. А.С. Аманжолов атындағы Түркология ғылыми – зерттеу – оқу орталығында аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды. Орталықта көне түркілер дүниетанымының қазақ фольклорымен байланысын зерттеумен шұғылданды.
Келгембаева Б.Б. республикалық, халықаралық конференцияларға белсенді түрде қатысады.

Адайханов Жұбандық
Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Қазақ тілі және әдебиет кафедрасының аға оқытушысы. 1947 жылы 15 шілдеде туған. Білімі жоғары. С.М.Киров атындағы Қазақстың мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Жалпы еңбек стажы 39 жыл, оның ішінде 2 жыл (1986-87)Кабул университетінде (Ауғанстан) сабақ берді. ШҚМУ-да еңбек еткен уақыты – 12 жыл.
Қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде «Орыс әдебиетінің тарихы», Шетел әдебиетінің тарихы» пәндерінен дәріс береді.
Ғылыми айналысатын тақырыбы: «Орыс-қазақ әдеби байланыстары», «Басқа ұлт оқырманының проблемасы». Осы
уақыт мерзімінде 30 аса бітіру жұмысы мен 2 магистрлік диссертацияға жетекшілік жасады. Жылда студенттердің ғылыми конференциясында студенттері баяндамалар жасайды.
10 астам ғылыми мақалалары жарық көрді, баспаға «басқа оқырман проблемасы» атты оқулығы ұсынылды

Қасенов Сәкен Тоқанұлы, 15.09.1969 ж., Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Горный ауылының тумасы. 1993 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін үздік бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасында бастаған. 1993 жылдан 2000 жылға дейін оқытушы, аға оқытушы, доцент және кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2005 жылдан С.Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті ректорының көмекшісі болып қызмет етеді. 1999 жылы ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын тәмамдаған. Осы жылы ҚР ҰҒА академигі З.А. Ахметовтің жетекшілігімен "Шешендік сөздердің поэтикасы" атты
тақырыпта кандидатттық диссертация қорғаған. Ол әдебиеттің тарихы, теориясы және сыны пәндерінен іргелі курстар әзірлеп, сондай-ақ әдебиеттану ілімінің өзекті мәселелерінен арнайы курстар жүргізеді.
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАР ТІЗІМІ (2004-2006ж.ж.)
2004 жылы жарық көрген әдістемелік құралдар:
Ахметжанова Ф.Р. - Әлеуметтік лингвистика және тіларалық қатынастардың өзекті мәселелері.- Өскемен: ШҚМУ Баспасы, 2004.-87б (толықтырылып қайта бастырылды) - Әдістемелік нұсқаулар мен бағдарлама
Осы еңбектегі жазудағы негізгі себеп – 2002-2003 оқу жылында қазақ елінде жоғары ғылыми – педагогикалық білім (магистратура) жүйесіне алғаш рет кредит технологиясын егізу. Ұсынылған базалық пәндердің арасында бірінші кезекте «Әлеуметтік лингвистика» атты курс тұр. Олай болса сөз басында аталған зертханамыздың құнды-құнды еңбектері «Әлеуметтік лингвистика» пәні бойынша әдістемелік нұсқаулар мен бағдарлама жазуға бірден-бір негіз болды.
Оқу жоспары бойынша «Әлеуметтік лингвистика» атты базалық пән бірінші триместрде оқылады, оған екі кредит жоспарланған, жалпы сағат саны -108, оның ішінде аудиториялық сағат саны – 36, лекцияға – 15 сағат, семинарға – 15 сағат, консультацияға – 6 сағат, магистранттардың өзіндік жұмысына – 72 сағат жоспарланған.
Әр блок бойынша теріліп берілген әдебиет – тек негізгі библиография. Қосымша еңбектерді іздеу, табу, онымен тапсырма бойынша жұмыс істеу – магистранттың ізденімпаздығын танытады. Кейбір жаңадан жарық көріп жатқан еңбектердің үзінділерін семинар сабағында оқытып, талдау жасап, сыннан өткізіп, оған баға беріп, аннотация, рецензия, реферат та жаздыруға болады. Осы жерде сабақты түрлі тәсілмен өткізу, қажетті мәселені проблема ретінде магистранттың алдына қою – көп жағыдайда оқытушының білім деңгейі мен кәсіптік шеберлігіне тікелей байланысты делінген.
Ахметжанова Ф.Р. - Қазақ тілі. - Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Баспасы, 2004.-104б - Әдістемелік құрал. (тест жинағы)
Еңбекке күмәнді, күрделі болып табылатын, мектеп деңгейінде көп көңіл бөлінбейтін, сол себептен қиыншылық туғызатын, талапкердің елеулі уақытын алса да дұрыс белгіленбейтін тестілер енгізілген.
Олардың бірқатары білім беру мен тестілердің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы даярлаған тестер жинағынан алынды да, енді бір бөлігі – авторлардың ұсынысы.
Аз уақытта жеңіске жеткізетін балл жинақтау мақсатымен авторлар түрлі әдіс-тәсіл, іс-әрекет, амал қолдануда: түсініктеме, кестелер, сызбалар, мысалдар, талдау,анықтамасын беріп ережесін қайталау, кейбір тестке тиянақты еңбектер тізімін беру мен қатар жалпы қажетті әдебиетті атау. Негізгі бөлімнен кейін терминдердің орысша-қазақша түсіндерме сөздігі берілген.
Келгембаева Б.Б. - Әдеби шығармашылық. - Өскемен:С.Аманжолов атындағы ШҚМУ КТО, 2004. -149 МБ - Электронды оқулық
Бұл электронды оқулық «Әдеби шығармашылық» пәнінің типтік бағдарламасы негізінде жасалған. Қаламгердің шығармашылық зертханасы, көркем туындының дүниеге келу процесін зерттеуге арналған жүйелі еңбек жоқтың қасы. (Осы пәнге арнайы жазылған Ә.Тарази мен Л.Мұсалының «Көркемдік құпиясы» - Алматы: 2000. еңбегінен басқа). Жекелеген қаламгер шеберханасы мен жалпыға ортақ шығармашылық еңбек сипаттары жөніндегі қыруар мол материалды игеріп, шығармашылық еңбектің болмыс – бітімін, жан – жақты ашатын, оны оқырмандар мен өнертану мен әдебиеттану саласында ізденушінің кәдесіне жарататын оқулық филолог мамандар үшін қажет-ақ. «Әдеби шығармашылық» пәнінен элетронды оқулық сол істің бастамасы ғана. Бұл тұрғыдағы зерттеулердің нәтижесі әдебиет пен өнер қайраткерлерін тәрбиелеуде, олардың шеберлігін шыңдауда, ең ақыры өнер мектептеріне қабылданушылардың дарынына диагностика жасауға пайдаланылады.. Алдыңыздағы лекциялар курсының жазылуы осындай қажеттіліктен туған. Оқулыққатоғыз бөлек лекция жинақталған. Лекция соңында тақырыпты бекіту мақсатында студенттерге тірек сұрақтар берілген. Практикалық қажеттілікке орай хрестоматиялық материалдар ұсынылды. Студенттің қызығушылықтарын арттыру мақсатында хрестоматиялық материалдар слайдтармен толықтырылған. Семинар сабағына әзірлік барысында осы сұрақтар мен тапсырмалар және хрестоматиялық материал басшылыққа алынуы көзделген. Оқулықтың соңында студент білімін тексеру үшін тест берілген.
2005 жылы жарық көрген әдістемелік құралдар:
Ахметжанова Ф.Р. - Қазақ тілі: Әдісетемелік құрал: Өскемен, ШҚМУ Баспасы, 2005. – 80 б. - Әдістемелік құрал
Еңбекке күмәнді, күрделі болып табылатын, мектеп деңгейінде көп көңіл бөлінбейтін, сол себептен қиыншылық туғызатын, талапкердің елеулі уақытын алса да дұрыс белгіленбейтін тестілер енгізілген.
Олардың бірқатары білім беру мен тестілердің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы даярлаған тестер жинағынан алынды да, енді бір бөлігі – авторлардың ұсынысы.
Аз уақытта жеңіске жеткізетін балл жинақтау мақсатымен авторлар түрлі әдіс-тәсіл, іс-әрекет, амал қолдануда: түсініктеме, кестелер, сызбалар, мысалдар, талдау,анықтамасын беріп ережесін қайталау, кейбір тестке тиянақты еңбектер тізімін беру мен қатар жалпы қажетті әдебиетті атау. Негізгі бөлімнен кейін терминдердің орысша-қазақша түсіндерме сөздігі берілген.
Ахметжанова Ф.Р. Ғафурова Ж.Қ. - Қазақ тіліндегі оң және теріс бата: Әдісетемелік құрал: Өскемен, ШҚМУ Баспасы, 2005. – 140 б. - Әдістемелік құрал
Еңбекте қазақ халқының ескіліктері (бата мен қарғыс) тақрыптық топтарға жіктеліп, дуализм теориясы тұрғысынан танылып, зерттеуге қатысты кейбір терминдердің шығу тарихы мен қалыптасуы айқындалып, басқа тілдердегі қолданысы анықталып әрі жүйелі, әрі кешенді түрде зерттеледі.
Кітап ғылыми жұртшылыққа, тіл мамандарына, оқытушыларға, студент, магистрант, аспиранттарға, жалпы оқырман қауымға арналған.
Барбосынова Қ.Т. –Жыраулар поэзиясындағы көне сөздер сыры.- Өскемен: Медиа – Альянс, 2005 – 98 б. – сөздік.
Сөздікте жыраулар толғауларындағы асыл сөздер сырына үңіліп әдеби тұрғыдан сипаттама жасап, мысалдар арқылы дәлелдей отырып, көне терминдер сөздігін құрастырған.
Сөздік жоғары оқу орындарының, кәсіптік бағдар беретін орта арнаулы оқу орындарының филология факультеттерінің оқытушылары мен студенттеріне, орта мектептердің мұғалімдері мен оқушыларына, бүкіл әдебиет сүйер қауымға арналған.
Барбосынова Қ.Т. Қартаева А.М. - Қазақ әдебиетінен курс және диплом жұмыстарын жаздыру. - Өскемен: Медиа – Альянс, 2005 – 56 б. - Оқу - әдістемелік нұсқау
Қазіргі заманғы білім беру үрдісі, үздіксіз білім беру саясаты студент, ертеңгі маманның жоғары оқу орны қабырғасында өз бетімен білім алуға даярлығы мен талабын қажет етіп отыр. Студенттің өз бетімен білімін жетілдіру дидактиканың негізгі мәселелерінің бірі.
Осы әдістемелік нұсқауда орыстың белгілі әдіскер ғалымы А.И. Ревякиннің «Проблемы изучения и преподавания литературы» деген оқу құралынан және де әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиетін оқыту мәселелері жөнінде көп еңбек сіңірген Х. Әдібаев пен С.Мақпыровтың кейбір еңбегі мен жекелеген мақалаларынан сөз етіп отырған мәселелерге тікелей қатысы бар кейбір құнды пікір, ұсыныстарын пайдаланған.
Әдістемелік нұсқаулар қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында күндізгі, сырттай, орта арнаулы және жоғары кәсіптік білім негізінде қысқартылған бағдарлама бойынша оқитын студенттерге, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған.
Барбосынова Қ.Т. - Балалар әдебиеті . - Өскемен, 2005. -26 б. - Типтік бағдарлама.
«Балалар әдебиеті» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы филология факультеттерінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған.
Балалар әдебиеті – сөз өнерінің жеке бір өзекті бөлімі.
Балалар әдебиеті – қазақ әдебиеті тарихының өскелең әрі құрамдас бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген ол ХІХ ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. 1960-жылдардан бастап жоғарғы оқу орындарында жеке пән ретінде оқытыла бастады. Балалар әдебиетінің қалыптасу, өсіп-өркендеу жолы бұрынғы-соңғы зерттеулердің аясында, халық өмірі мен қоғам дамуына байланысты қарастырылады.
2006 жылы жарық көрген әдістемелік құралдар:
Ахметжанова Ф.Р. - Қазақ тілі. - Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Баспасы, 2006. -298б - Әдістемелік құрал.
Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда Шығыс өңіріндегі тіл ахуалы өзгеше. Анықтап айтсақ, бұл жақта қазақтармен бірге жүзден астам басқа ұлт өкілдері ежелден бейбіт өмір сүріп жатыр. Олардың барлығы орыстілділерге жатады. Оның үстіне қандастарымыздың бір бөлігі өз тілін нашар білсе, ендігі бір қатары түсінсе де ана тілінде сөйлемейді, т.т. Осындай жағдайда, тәжірибеміз дәлелденгендей, мемлекеттік тілді сапалы меңгерту үшін әзірше салыстырмалы, салғастырмалы әдіс ауадай қажет. Сондықтан еңбек екі тілде жазылған.
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
|
№
|
Аты-жөні
|
кафедра
|
КОЖ бойынша біліктілігін арттыруы жайлы және орны мен күні туралы мәлімет
|
2006-2007 оқу жылына арналған КОЖ бойынша оқыту пәндері
|
|
1
|
Оразалин С.Қ.
|
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
|
2006 жылдың 9-10 ақпан
КОЖ бойынша семинар
|
Лексикология – сөз туралы ғылым. Ғылымның бұл саласы сөздік қорымызды, оның толығу жолдарын, осы толығу барысындағы сөз мағыныларын, олардың омонимдік, антонимдік, синонимдік қасиеттерін, ауыспалы мәндік қызметтерін қарастырып , түсінік береді.
|
|
2
|
Адайханов Ж.А.
|
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
|
|
Дүние жүзілік мәдениеттің құрамдас бір бөлігін құрайтын көптеген халықтың озық ойлы әдебиетін терең, салыстырып отырып оқыту уақыт талабы.
тарихи тағдырлас, өзара байланысты түркі тектес халықтар әдебиетінің тамыры терең байланысын, дәстүр идеялық, көркеидік ерекшелігін, жалпы даму заңдылығын таныту.
|
|
3
|
Рахимбаева Г.Қ.
|
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
|
|
Көркем әдебиет әрдайым адамның «жан диалектикасының», қоғамдық өмірдің, тіршілік құбылыстарының айнасы болып келеді. Көркем шығармашылықтың даму заңдылықтарын, заман, уақыт ұсынған әлеуметтік құбылыс, проблемаларды есте ұстауға тырысамыз.
|
|
4
|
Бияров Б.Н.
|
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
|
|
Фонетиканың қарастыратын мәселелері мыналар: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың іштей жіктелуі және бір-біріне әсері, буын екпін, тілдің дыбыстық жағы мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т.б.
|
|
5
|
Дүсіпбаева Қ.С.
|
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
|
|
Тіл біліміне кіріспе пәні жоғары оқу орындарының филология мамандығында өтілетін теориялық пән. Пәннің негізгі мақсаты мен міндеті тіл білімінің негізгі ұғымдары мен терминдерін қарастырып, оның басты-басты теориялық мәселелерін баяндап беру.
|
|
6
|
Қайырбаева .Ж.Қ.
|
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
|
|
Тіл адамзаттың ойлау, пайымдау процесімен бірлікте іс жүзіне аса отырып, тілдік қатынасының негізгі, басты құралы болып табылады. Осы қарым-қатынас құралы болып табылатын тілді ғалымдар әр қилы ерекшеліктеріне қарай жан-жақты зерттеп келеді.
|
|
7
|
Келгенбаева Б.Б.
|
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
|
|
Қазақ халқының ауыз әдебиеті жоғары оқу орындарында халықтық сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамтып отыратын пән.
|
|
8
|
Барбосынова Қ.Т.
|
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
|
|
Қазақ халқының қалыптасу, даму жолдарынан неше алуан қилы кезеңдерді, бұралаң-бұлтарысы мол бел-белестерді көптеп кездестіреміз. Әсіресе, қазақ тарихында 15-ғасырдан кейінгі кезеңнің айырықша маңызы бар.
|
|
9
|
Сейпутанова А.К.
|
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
|
|
Дүние жүзілік мәдениеттің құрамдас бір бөлігін құрайтын көптеген халықтың озық ойлы әдебиетін терең, салыстырып отырып оқыту уақыт талабы.
|
|
10
|
Қасенов С.Т.
|
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
|
|
Сөйлеу мәдениетінің жоғарғы шыңы – шешендік өнер. Шешендік өнер-әлемдік құбылыс. Көптеген елдерде ерте замандардан әрбір адаамзатқа шешендік өнерге ден қоюға міндеттеген.
Дұрыс сөйлеу арқылы ой тасқынын қоршаған ортаға лайықты жеткізе алу, ой тасқынын дұрыс қабылдай алу, кез-келген уақытта өзіңді-өзің нық сезіне білуге, сөйлеу арқылы, сөз құдреті арқылы өз құқығыңды, өз пікіріңді қорғай алуға мүмкіндік туғызады.
|
|
11
|
Келегенбаева Б.Б.
|
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
|
|
Филологиялық ғылым ретінде сөз өнерінің өзіндік мазмұны мен оны көрсететін пішіндердің даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру үшін көркем әдебиетті зерттеу, сондай-ақ өнертанушы ғылымдардың бірі ретінде көркем шығармашылық түрлеріне, қыр-сырына үңілу, көркем туындыны эстетикалық құбылыс ретінде қарауға үйрету.
|
|