Бөлімшенің негізін қалаушы алғашқы директоры
bolimshe.kz
  • Қауметбайұлы Тау 1945 жылы туған.
  • 1954-64 он жылдық мектепте оқып дәріс алған.
  • 1964-69 Монгол елінің Университетінде оқып «математик-математика пәні мұғалымі» мамандығын игерген. 1969-71 жылдықта математика мұғалімі.
  • 1971-81 Баян-Өлгий аймағыны Ногоонуур сұмының 8 жылдық мектебінде оқу ісінің меңгерушісі.
  • 1981-83 Сагсай сұмынында 8 жылдық мектеп директоры.
  • 1983-91 Баян-Өлгий аймағының оқу бөлімінің бастығы.
  • 1991-92 Өлгий сұмының 2-10 жылдық мектебінде мұғалім.
  • 1992-2001 Өлгий қаласындағы Кәсіптік бағдар беру орталығының директоры.
  • 2001 жылдың 7-айынан бөлімше директоры қызметін атқаруда.

Бөлімше негізін қалаушы алғашқы директоры Қ. Таудың еңбек жолы

36 жылында  үзілісіз ағарту саласына  қызмететіуде. Қызмет атқарған мерізімде  жас ұрпақтарды оқытып тәрбиелеу ісінде үнемі үлгі көрсетіп, көш басында көрінуде. Оның айқын куәлері дәріс берген шәкірттері  1970, 71 жылдары аймақтық математика олиппиадасында алдынғы 5 орынды иеленуімен бірге 1971-жылы Үкіметтік олимпиада да Оспан әкелі Төлеу 1-2 орынды бөлісті. Жас ұстаз Қ. Тау  еселі еңбегі үшін  1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Сол алғышқы оқу жылында дәріс берген 5-9 сынып оқушылары ұлағатты ұстазын мақтан тұтады, әрі олардың арасында Ғылым атағы бар 15 (доктор-4, ғылым кандидаты-11) азамат, еліне танылған қоғам қайраткерлері 18 туып шыққаны оның еңбегінің жемісін әйгіледі.Тау ұстаздар мен қызметкерлерді-мектеп, ағарту саласын басқаруда да үнемі үздік өнгелі келеді. Оның ісін оқу ісін меңгеріушілігі  қызметін атқарған 10 жылда Ногоонуур 8 жылдық мектебі аймақтың 21 мектебінен алдынғы 3 орынды иемденуде болды. Бұл еңбегіне орталық жастар одағы мен ағарту министрлігінің «Граммотасы »-мен марапатталды. Қ.Тау инциатива шығарып 1973, 1975, 1977 жылдары шекаралас « Тува » республикасының «Монгол-Тайга » районы мектептерімен (5 мектеп аралық) оқу-көркем өнер-спорт түрлерінен достық  кездесу  бәсеклері ұйымдастырып жеңіс тұғырнан көрінгені оның мәртебесін ата-ана, халық бұқара арасында арттыра түсті. Ол осындай елеулі еңбектерімен 1975 жылы аймақтық депутатқа, 1978-жылы Аймақтық жастар одығының пленум мүшесіне, 1981-жылы Аймақтық партия комитетінің пленум мүшесіне сайланды. 1981 жылы Монгол елінің білім министрлігінің жан-жақты тексеріндісінде мектебі көш басынан көрініп, Монгол елінің білім министрлігінің «Халыққа білім беру саласының озат қызметкері » атағымен сыйланды. Ол кезде бұл атаққа 20-дан астам жыл жұмыстаған мұғалімдер сыйланатынын Қ. Тау 12-ші жылында алғаны оның еңбегінің нәтижеснің куәсі. Сагсай 8 жылдық мектебінің директорына тағайындала аймақ бойынша артта қалған ол мектепті қысқа мерзім ішінде алға көтерді. Батыс 5 сұмын мектептері аралық оқу өнер-спорттық кездесу бәсеке ұйымдастыруды бастап, басқа әріптестеріне үлгі болды, әрі, 1, 2 орындар тұғырнан көрінді. Оның озықтығын бағалаған аймақ басшылары Аймақтық оқу бөлімі бастығына тағайындады. Оқу бөлімі бастығы міндетін атқарған  1983-1991 жылдары іскерлікпен қызметтеп, 1983 жылы Монгол елінің 24 оқу бөлімнен ең соңғы орындағы оқу жүйесін 6-орын тұғырына  дейін көтерді. 1984-жылы Дэлүүн сұмыны 10 жылдық мектебі Монгол елінің озат мектебі атағына ие болса, 1990-жылы Баян-нуур сұмыны 10 жылдық орта мектебі де осы атақты абыройға ие болды. Қ.Тау Өлгий қаласындағы Кәсіптік бағдар беру орталығын да әлде неше рет еліміз бойынша жеңіс тұғырына көтерді. Ол 1993 жылы «Тізгінші» мамандығын, 1994-жылы «Есепші » 6 айлық қысқа меріздік курсын, 1996-жылы «Мал дәргері», «Аспаз», 1998-жылы «Компьютер», «Тігін технологиясы», 1999 жылы «Тігін мастер мұғалімі » мамандықтарын техникумдық  дәреже деңгейінде ашқандығы оның мәртебесін, атақ-абыройын ел көлемінде арттыра түсті. Қ. Таудың елеулі еңбектері дер кезінде бағаланып 1984, 87, 90, 2000-жылдары аймақ депутатына, 1985, 1987, 1992, 1996-жылдары Аймақтық партия комитетінің, 1978, 81, 84, 87 жылдары аймақтық жастар одағының пленум мүшесіне сайланды. 1989-жылы Монгол елінің мұғалімдерінің 5 сьезіне, 1999-жылы Монгол елінің Кәсіподағының 17 сьезіне делегаттыққа, 1985, 1990 жылдары еліміздің Пионер ұйымының слеттеріне қатысты. Монгол елі орнауының 60, 70, 80 жылдық даталы мерекелерінің медельдармен марапатталса, 1985-жылы «Монгол елі жастарының қамқоршы тәрбиешісі озат қызметкері» атағы мен 2000 жылы «Алтын Жұлдыз » орденімен марапатталды. Қ. Тау 1969-2001-жылдар аралығында Еліміздің жоғарғы ұйымдарының үлкенді-кішілі 23 түрлі Сыйлық иегері екені оның еңбегінің елеулі де жемісті болғандығын дәлелдейді. Онан тысқары нарықтық  дәуір талабына сай жұмыстап, 1994-жылы еліміздің «Әдіскер ұстазы », 1996-жылы «Тәлімгер ұстазы » 1998-жылы «Кеңесші ұстазы» дәрежелеріне ие болғаны Қ. Тау ұстаздық іс тәсілі нәтежесінің айқын куәсі болады. Қ. Тау Қазақстан республикасы мен Монгол елінің оқу ағарту ісін өзара сабақтастырып өркендетуге өзіндік сүбелі үлесін қосқан азамат. Мәселен ол 1990 жылы мамыр айында аймақтық  делегацияны бастап Қазақстан Репбуликасына барып екі ел оқу жүйесінің нарықтық дәуірдегі алғашқы шартын жалғастырған азамат. Осы шарттың жалғас бір тармағы 2001-жылы Қазақстан Ресбуликасының ШҚМУ-інің бөлімшесінің Өлгий қаласына орнауы, бұл іске де өз үлесін қосты. Қазір ол осы бөлімше директоры қызметін ойдағыдай орындауда. Ол басқарған бөлімше жек оқу ордалы болып жыл сайын нығаюда. Бөлімшенің 2-курсын 2003, 2004 жылдары табысты тамамдаған 150-дей азамат С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-інде дәріс алуда, 2005 жылы алдыңғы түлектері бітірді. Қ. Тау  7 ұрпақ  тәрбеиелеп өсірген, оның бесеуі жоғары оқу орындарын бітірген. Жанұясы «Мемлекттік озат жанұя » атағыына ие болған үлгілі от басы.