| Бөлімше тарихы bolimshe.kz |
||
|
Аймақ басшылары Б. Құрметбек, Қ.Қызырхандардың Алматыда және шекералық кездесуде жасаған шарттары, қойған мәселері негізінде 1990 жылы 3 айда Қазақстан Республикасының министрі Шайсұлтан Шай-Ахметовтың оқу-ағарту саласының делегациясын шақырған шақыру аймақ әкімі Т.Даваажав мырзаға келіп Қ.Тау бастауында Ж,Мизамхан, Т.Күшай, Б.Ұмсындықтар тағайындалды. Екі ел нарықтық дәуірдегі оқу жүйеснің алғашқы шартын жасауда Қазақстан Республикасының бір Жоғарғы оқу орынның бөлімшесін Өлгийге орнату мәселесі сөйлесіліп, шартқа енгізіліп ауыспалы дәуір ауыртпалығынан 1995 жылы К.Биқұмар мырза мәселе көтерді (жаңа өмір газеті 10 ), олда аяқсыз қалды. 1997 жылы батыс үш аймақ басшылары кездесуінде батыс Зонаны өркендету мәселесі қозғалып, оның тиегі болушы жоғарғы оқу орындарын әр аймаққа молырақ орнату туралы сөйлесіліп, түйінге келді. Баян-Өлгий үлесіне техника инженерімен экономика саласы тиді. Ізінше Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрі Қ.Тасмағанбетовқа Ұшақ алаңда кезігіп назар төрінде ұсынылса да екі ел аралық шартқа кірмеді.1999 жылы бұл мәселе екі ел басшының кездесуінде де сөз болды. Аймақ әкімі Мейрам Қадырұлы бұл мәселеге ерекше назар аударып мән береді 1999.05.10-ы күні Қазақстан Республикасының Алматы облысы әкімі 1 орынбасары Әлихан Тойбаевқа жасаған шартының 4,5 баптарына негізгі мазмұны кірді.2000 жылы 4 айда Аймақ әкімі Қ.Мейрамның шақыруымен Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан Мемлеккетік Университінің Ректоры Акедемик химия ғылымдарының докторы Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев бастаған делегация (Құрамында Айгүлсін Айтқазина, Сәбит Капановичтер бар ) Баян-Өлгийге келіп бөлімше ашу туралы зерттеулер жасады. Уланбатырда болып Монгол Елі Университетімен шарт жасап қайтты. Әрі аймақ делегациясын шақырды. Аймақ делегациясы Аймақ әкімнің бірінші орынбасары бөлімше ашу шартына қол қойысты. Әрі Е.Мәмбетқазиев мырзаның Аймақ әкімі Қ.Мейрам, Монгол Елінің Білім, Ғылым, Мәдениет министрі А.Баттөр мырзаларға бөлімше ашуға ризашылық тілегін білдірген 285, 286-ресми хаттары тиісті иелеріне қолма қол табыс етілді. Шартты негізге ала отырып 27 түрлі материал дайындалып Монгол елінің БҒМ Министрлгіне 6-айда арнайы жеткізілгенімен Халық Ұлы Құрылтайы Сайлауы желеуінде кейінге шегеріліп, жаңа өкімет орнына, министрлікке мәселе қойылса да заңды уақытында емес, 4 түрлі сылтаумен шешімсіз қалды.2000 жылы жаңадан тағайындалған Аймақ әкімі Бәделхан Қабдысіләмұлы да бұл іске ерекше мән берді. Кемшілік істерді шартқа толықтыруға Т.Күшай, Қ.Иманмағзамдар 2001 жылы 3 айда ШҚМУ-іне жіберіліп, ізінше Монгол елінің Білім, Ғылым, Мәдениет министрлігіне мәселе қойылды. 2001.05.11 күні Монгол елінің БҒМ министрінің 155 бұйырғы шығып ШҚМУ-інің бөлімшесін Баян-Өлгий аймағына ашуға ШҚМУ-імен жаңалап шарт жасауды министрліктің әкімшілік хатшысы ( Б.Мишигжав )-на дайындығын қамтамасыз етуіді АӘТБОрнына міндеттеді.Ұлы құрылтай мүшесі О.Нығмет, Аймақ әкімі Қ.Бадылхан БҒМ министрлігінің өкілі Ц.Буриадтар құрамындағы делегациялар 2001 жылдың 6 айында Соңғы шартқа отырып, бөлімше құру түбегейлі шешілді.
|
||
|
|
||