One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
«С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ»
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ
«География» бағыты бойынша ХII Республикалық пәндік онлайн қашықтық олимпиадасы
5 мамыр
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2020 жылдың 5 мамырда Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында пәндік онлайн олимпиада өткізеді.
Мақсаты: шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; қазіргі заманғы ғылыми мәселелерді шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту; ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту.
Олимпиада өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті, "Экология және география" кафедрасы, №1 оқу ғимараты, 30-шы Гвардиялық Дивизия 34, 4 қабат, 4 қабат, ауд. 430. Тел: 8-7232-78-20-48 (Экология және география кафедрасынын меңгеруші Дакиева Кульзипа Жусуповна).
Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және орыс.
Республикалық студенттік пәндік олимпиада 5В011600 География мамандықтары бойынша өткізіледі.
Олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне құжаттарды ұсыну тәртібі:
Олимпиадаға қатысу үшін студенттерді (2 адам) ұсынған кезде жоғары оқу орны базалық ЖОО-ға келесі құжаттарды жібереді:
- 2020 жылдың 25 сәуірге дейін Экология және география кафедрасының электронды поштасына файл түрінде өтінім geoolimpiada_VKGU@mail.ru. Ескерту 2020 жылдың 26 сәуірінен кеш түскен өтініштер қарастырылмайды.
Қосымша 1
ЖОО туралы ақпарат
ЖОО-ның толық атауы
ЖОО байланыстары (телефон)
ЖОО байланыстары (e-mail)
Информация о руководителе
Тегі, Аты, Әкесінің Аты
Лауазымы
Телефон
e-mail
N
Студенттің аты-жөні
Оқу мамандығы, курс
оқу тілі
Жалпы ақпарат
1 тур – Теориялық:тест түріндегі тапсырмалар (сұрақтар саны 40) онлайн - басталуы Астана уақыты бойынша 10:00-ден 11: 00-ге дейін. 40 балл.
2 тур – Практикалық:3 тапсырма, басталуы Астана уақыты бойынша 11:00-ден 12: 30-ға дейін. Әр тапсырмаға 20 баллдан.
Барлығы 100 балл.
Ұйымдастыру комитеті:
Экология және география кафедрасынын кафедра меңгерушісі
Дакиева Кульзипа Жусуповна
Сабырбаева Ботагөз Талғатбековна
Моб. тел: +7057951698
эл.мекен-жайы: s-botagoz@mail.ru
Кайсарова Асель Саялиновна
Моб.тел.: +7 776 4013535
эл.мекен-жайы: abenova-aselya91@mail.ru
География кафедрасы