One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
Әл-Фарабидің 1150 жылдығына және «Рухани жаңғыру» мақаласының 3 жылдығына арналған «Ұлы дала ұстазы» тақырыбындағы сырттай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы - 10-сәуір
Конференция бағдарламасында келесі бағыттар бойынша пленарлық және секциялық отырыстар өткізу қарастырылған:
Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, профессорлар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер мен жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері шақырылады. Конференцияға келуге байланысты шығындар қатысушы және жіберуші тарап есебінен жүргізіледі.
Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Мақалаларды, көлемі 5-6 беттен аспайтын суреттермен қоса компьютерлік терімдегі материалдар, А4 (210-297 мм) форматындағы парақтарда және электрондық нұсқада және төлем туралы түбіртектің көшірмесімен бірге ұйымдастыру комитетінің konfervkgu2019@mail.ru электрондық мекенжайына жіберу керек. Файлдың атауында бірінші автордың тегі, ұйымның қысқартылған атауы және құжаттың аты көрсетілуі тиіс, мысалы: Қасымов ЕҰУ өтінім; Қасымов ЕҰУ мақала, Қасымов ЕҰУ төлемақы. Мәтін Microsoft Word редакторында Times New Roman әріптерімен негізгі мәтін - 14 кегльде, 1,0 аралық интервалда, азат жол – 1,25 см өлшемді сақтай отырып, ені бойынша тураланып теріледі. Суреттермен қоса алғанда мәтін келесі форматта орналасуы тиіс: сол жақ жиегі - 20 мм, оң жақ жиегі - 20 мм, жоғарғы және төменгі жиектер – 25 мм. Қойылған суреттер жоғары сапалы болып, беттің ортасы бойынша туралануы тиіс. Сурет пен формулалар астындағы жазбалар: орталықта (центр), кегль – 12.
Мақаланы рәсімдеу талаптары:
Беттің сол жақ шетінде ӘОЖ, астында бір жолдан кейін бас әріптермен – авторлардың тeгi мен инициалдары, келесі жолда кіші әріптермен – жұмыс орындалған мекеменің және қаланың атауы, бip жолдан кейін, ортасына – бас әріптермен баяндаманың атауы, одан ары бір жол қалдырып – баяндама мәтіні көрсетіледі.
Баяндама материалдары толықтай талапқа сай редакцияланған болуы тиіс. Мақала мазмұны үшін жауапкершілік авторға жүктеледі. Ұйымдастыру комитеті материалдар жинағын конференцияға дейін басып шығаруды жоспарлайды.
Мақаланы рәсімдеу үлгісі
ӘОЖ 669.162.214
БОЛОН ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА
Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. (14pt)
Кесте 1 – Болон жүйесі бойынша кредиттерді санау (12 pt)
Бакалавриат
(4 жыл)
Магистратура
(2 жыл)
(1,5 жыл)
Докторантура
(3 жыл)
Кредит саны
Сурет 1 – Аталуы
Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. [1]. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. Баяндама мәтіні. [2]:
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Электрондық форматтағы жинақ үшін тіркеу жарнасы 1500 теңге, баспа жинақ 2000 теңге (бір мақала үшін) Тіркелу жарнасы «Ұлы дала - ұстазы» конференциясына қатысу үшін міндетті жазбамен банктік деректемелері бар шотқа аударылуы керек: «Қазақстан халық банкі» АҚ ШҚФ, РНН 181800014976; ИИК KZ256010151000018216, БИК HSBKKZKX, БИН 990240007414, КБЕ 16: КНП 859 «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ» ШЖҚ РМК.
Рубльдегі ағымдағы шот:
Электрондық форматтағы жинақ үшін тіркеу жарнасы 268 рубль, баспа жинақ 357 рубль (бір есеп үшін). Тіркелу жарнасы «Ұлы дала - ұстазы» конференциясына қатысу үшін міндетті жазбамен банктік деректемелері бар шотқа аударылуы керек: «Қазақстан халық банкі» АҚ ШҚФ, РНН 181800014976; ИИК KZ256010151000018216, БИК HSBKKZKX, БИН 990240007414, КБЕ 16: КНП 859 «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ» ШЖҚ РМК.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы
Қазақстан Республикасы, 070019, Өскемен қ., 30-шы Гвардиялық дивизия к., 34, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ №1 оқу ғимараты, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі, 243 каб., тел: 8 (7232) 540-311, 8 702-910-30-05.
Ұйымдастыру комитеті