One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық конкурстың II кезеңі
2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Е. Иргебаевтың 25.01.2020ж. № 16-5/217 хаты негізінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша Қазақстан республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық конкурстың II кезеңі өтті.
Байқау комиссия мүшелері С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректорының 2020 жылғы 21 сәуір бұйрығымен бекітілді.
Байқауға 12 жоғары оқу орындарынан 24 ғылыми жоба ұсынылды.
Комиссия мүшелері аталған жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерделеп қарап, талқылап қорытынды жасады.
Жүлделі орынға ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурс талаптарына сай дайындалған төмендегі студенттердің тізімі ұсынылды
I орын - І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенті Бондарь Маргарита;
II орын - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Баймуратова Тазагүл;
II орын - Еуразиялық гуманитарлық институтының студенті Карсыбек Алтынай Муратқызы;
III орын - Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Рысбай Ұлдана Есенгелдіқызы;
III орын - Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті Докумбаева Карлыгаш Толеукеновна;
III орын – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Баринова Яна Андреевна.
5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»мамандығы студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық конкурстан жүлделі орынға ұсынылған жұмыстар Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне конкурстың ІІІ кезеңіне қатысу үшін жіберілді.
ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі