10-сәуірде сағат 8.55-де «Тілдік пәндер бойынша қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру» (С. Аманжолов атындағы ШҚМУ шет тілдер және аударма ісі және қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы оқытушыларының жұмыс тәжірибесінен) оқыту вебинары өтеді.
Вебинар модераторлары: Қасенов С.Т. – қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.; Қапышева Г.Қ. – шет тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.
Вебинарға қатысуға факультет декандары, кафедра меңгерушілері, IELTS халықаралық тілдік емтихан дайындығымен айналысатын оқытушылар мен қызметкерлер, барлық қызығушылық танытатын тұлғалар шақырылады.
Конференция материалдары С. Аманжолов атындағы ШҚМУ сайтында жарияланады https://www.vkgu.kz/ru
ВЕБИНАР БАҒДАРЛАМАСЫ
Уақыты |
Баяндама тақырыптары |
Спикерлер |
8.55-9.00 |
Қатысушылардың сәлемдесуі. Вебинардың мақсатын белгілеу. |
Қапышева Гүлнар Кыдырбекқызы – шет тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор; Қасенов Сәкен Тоқанұлы – қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. |
9.00-9.10 |
Қазақ тілін қашықтықтан оқытудың тиімді жолдары |
Әлімхан Айгүл Әсетқызы – к.ф.ғ., қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценті. |
9.10-9.20 |
Ағылшын тілін қашықтықтан оқытуда бейнеконтентті қолдану |
Чжан Елена Евгеньевна – п.ғ.к, қауымдастырылған профессор, шет тілдері және аударма ісі кафедрасы |
9.20-9.30 |
Шет тілдерін қашықтықтан оқыту |
Ларионова Ирина Юрьевна – п.ғ.к, қауымдастырылған профессор, шет тілдері және аударма ісі кафедрасы |
9.30-9.40 |
Ағылшын тілін қашықтықтан оқытуда ойын ақпараттық технологияларын қолдану |
Құмашева Зарина Кенжебекқызы – педагогика ғылымдарының магистрі, шет тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушысы. |
9.40-9.50 |
Журналистиканы қашықтықтан оқытуда электрондық ресурстарды қолдану |
Галкина Татьяна Владимировна – к.ф.ғ., қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценті. |
9.50-10.00 |
2020 жылдың сәуір айында қолжетімді IELTS халықаралық тілдік емтиханға дайындық бойынша тегін материалдарға шолу |
Мұхамеджанова Динара Рамазанқызы – PhD докторы, шет тілдері және аударма ісі кафедрасының доценті |
10.00-10.10 |
Вебинардың қорытындысын шығару |
|
Вебинар ZOOM конференциясы арқылы төмендегі сілтеме бойынша өтеді https://us04web.zoom.us/j/8735477166
Конференция идентификаторы: 873 547 7166. Пароль 357.
Конференция материалдары С. Аманжолов атындағы ШҚМУ сайтында жарияланады https://www.vkgu.kz/ru
Ұйымдастыру комитеті