Білім алушылардың қайта кешенді тестілеуге қатысуы туралы
АҚПАРАТ
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясы 2018 жылдың 1-15 желтоқсан аралығында білім алушылардың келесі категорияларынан қайта кешенді тестілеуге қатысу мақсатында құжаттар қабылдайды:
1) университет мамандықтарына шартты түрде қабылданған күндізгі бөлімнің 1 курс студенттерінен – 17 адам;
Бүгінгі күні кез келген өнеркәсіп қалаларының тұрғындары ластанған атмосфера ауасынан толық көлемде қорғана алмайды. Қолансыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) басталған кезде атмосфераның жер бетіндегі қабатында ластаушы заттар жинақталады.
Тәуелсіздік күніне арналған XXIV университеттің ішкі спартакиадасы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да студенттер арасында волейболдан сайыстар өтеді.
11 - 12 желтоқсан – қыздар арасындағы волейболдан сайыстар (№1 оқу ғимараты, спортзал, 15.00).
13-14 желтқсан – ұлдар арасындағы волейболдан сайыстар (№1 оқу ғимараты, спортзал, 15.00).
Тәуелсіздік күні қарсаңында, 11 желтоқсанда, сағат 15.00-де С. Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік ғимаратында (Қазақстан к., 55) қалалық әртістер қатысатын «Жан жылуы» қайырымдылық концерті өтеді.
Билет сатып алу сұрақтары бойынша мына телефонға хабарласыңыз: 8 705 530 05 86.
Жиналған қаржы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін сыйлық алуға жұмсалады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы»жобасы бойынша жүзеге асырылған жұмыстарды қорытындылауға арналған дөңгелек үстел туралы
Күні: 12 желтоқсан.
Уақыты: 11:00.
Өткізілу орны: Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы, Тәуелсіздік даңғылы, 68.
Ұйымдастырушылар: Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен ШҚО колледждері студенттерінің«НК «Kazakh Tourism» АҚ өкілдерімен ШҚО-да туризмді дамыту мәселелері бойынша кездесуі – 12 желтоқсан
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Экономика және құқық факультеті «туризм» мамандығының және облыс колледждерінің студенттері 12 желтоқсанда «НК «Kazakh Tourism» АҚ өкілдерімен ШҚО-дағы туризмді дамыту мәселелері бойынша кездеседі.