Назар аударыңыздар: магистранттар мен докторанттарға арналған конкурс!
«Абай-Верн» халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу жарияланады.
«Абай-Верн» бағдарламасы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің бірлескен бағдарламасы.
Осы бағдарлама бойынша 100 стипендия ұсынылады (90 - магистранттарға және 10 - докторанттарға), конкурс мамандықтарды таңдауды шектемей жарияланады.
Өтінім беру мерзімі - 2019 жылдың 14 маусымына дейін.