Бүгін, 13 мамыр күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де Глубокое ауданының мектеп түлектері үшін Университет күні ұйымдастырылды.
Бағдарлама бойынша студенттер флешмобы, викториналар, тәрбие ісі жөніндегі проректор И.В. Ровнякованың, факультет декандарының мектеп түлектерімен кездесуі және концерттік бағдарлама қаралған.