30 мамыры мен 3 маусымы аралығында «Бастауыш мектептің жаңа білім беру бағдарламаларына көшу мәселелері» бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған курс өтті. Өскемен және Жарма ауданының оқытушылары қатысты.
Жақында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Түркі жазбалары мен мәдниеті күндерін» өз деңгейінде өткізуге ат салысқаны үшін университет ректоры мен ұжымының атына ҚР Білім және ғылым министрлігінен алғыс хат келіп түсті.
23 мамыры мен 1 маусымы аралығында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Құқықтану» мамандығының магистранттары Бишкек қ Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеттінде тағылымдамадан өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де өткен ІІІ Түлектер форуымына, сонау Өскемен педагогикалық институты болған кезден Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті атанған кезге дейінгі әр жылдар түлектер жиналды.