Тұңғыш Президент Күніне орай ШҚО-да «Ақ тілекпен, Елбасыға!» - «Наши поздравления – нашему Президенту!» атты ауқымды акциясы басталды. Аталған акция шеңберінде кез келген азамат www.kz1.kz сайтында өзінің ізгі тілектерін қалдыра алады.
Бейжің орталық ұлттар университетінің (ҚХР) профессоры Н.Қалелқанұлы мен Алтай мемлекеттік университетінің (РФ) профессоры Оскорбин Н.М. ШҚМУ студенттеріне дәрістер оқиды.
Математика кафедрасына академиялық ұтқырлық бойынша дәрістер оқуға және консультация жүргізуге Алтай мемлекеттік университеті теориялық кибернетика және қолданбалы математика кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Оскорбин Н.М. келді.