«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 1-курс студенттерінің қатысуымен О. Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапханада «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты дөңгелек үстел өтті.
«Материалдарды жылдам идентификациялау үшін қымбат емес «KazRAM» Раман-спектрометрін әзірлеу» жобасы аясында ШҚМУ далалық экспедициясы Катон-Қарағай ауданында іс-сапарда болды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жұртшылық арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Рухани жаңғыру» жалпыреспубликалық жастар акциясы өтті.
Елімізде латын графикасына көшу - саяси жағынан да, ғылым-білім тұрғысынан да, заман талабына сай даму үшін де өте маңызды. Латын әліпбиіне көшу - өмірдің қажеттілігі, әлемдік бәсекеге қабілеттілік мәселесі.
11-13 қыркүйек аралығында Абай ауданы Жидебайда республикалық ХVІІI «Абай оқулары» өтті. Абай оқуларына Қазақстанның түкпір түкпірінен 5-11 сыныптар арасында 98 оқушы келіп қатысты.