Қазанның 21-інен 31-іне дейін Мичиган штаты университетінің (АҚШ) профессоры, журналист Эрик Фридман С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да студенттерге арнап дәрістер оқиды, ал оқытушыларға кеңес береді.
Дәрістер тақырыптары – «Журналистер әлеуметтік араласу агенті ретінде: үш модель», «Репортерлық жұмыс ерекшеліктері», «Экологиялық журналистика саласындағы коммуникациялар: қауіптер мен тәуекелдер», «Бұрынғы кеңестік республикалардағы ұлттық баспасөз жүйесін салыстырмалы зерттеу», «Баспасөз заңнамасының мәселелері», «Саясат пен қоршаған ортаны жариялаудағы медиа» және басқалар.
Сондай-ақ, кибер-өзгеше ойлау және билік, Интернеттегі шекаралар, жаңалықтар бөлімін, әлеуметтік медианы, онлайн-сөйлесулерді саралау және т.б. туралы дәрістер оқылады.
Мұнымен қоса, қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушыларына кеңестер беріледі.
Іссапар аясында Э. Фридман оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Д. Ерболатұлымен, ТФжХҚФ деканы Ә.А. Өскембаймен, қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі С.Т. Қасеновпен кездесті.
Баспасөз қызметі,
қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы