05.08.2019 «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығына оқыту үшін арнайы дәрісханалар жабдықталды «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» жаңа білім беру бағдарламасы бойынша дәрістік, тәжірибелік сабақтарды және зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған дәрісханалық қор №4 оқу ғимаратындағы жаңа кабинеттермен толықты. Оның ішінде омарта шаруашылығы және омарта өнімдерінің өндірісі кабинеті, табиғатты пайдалану, жер өңдеу, топырақтану, агрохимия, аңшылық шаруашылықты ұйымдастыру және жоспарлау кабинеті, өсімдік шаруашылығы, жануарлар мен өсімдіктер экологиясы, мал шаруашылығы, марал шаруашылығы және өнім өндірісі технологиясы кабинеті, зоология және зоотехника, этология және жануарларды қорғау кабинеті және басқалар бар. Дәрісханалар оқу барысында қолданылатын интербелсенді тақталармен, бейнепроекторлармен, аспаптармен, өлшеу құралдарымен, дидактикалық материалдармен, экспонаттармен, макеттермен жабдықталған. Білім беру бағдарламасы бойынша студенттер мен магистранттарды дайындауда дәрісханалар да, компьютерлік сыныптар да қолданылады. Сабақтарды сапалы өткізу, ғылыми жұмыстарды орындау үшін компьютерлік сыныптар қажетті бағдарламалармен қамтылған. Баспасөз қызметі View the full image