20.05.2020 Азаматтық қорғау және еңбекті қорғау штабы ескертеді: Суда абай болыңыздар! Оқытушылардың жазғы демалыстары мен студенттердің каникулдары басталады. Сондықтан суда абай болыңыздар, тәртіп ережесін орындаңыздар! Бұл өкінішті оқиғаларға ұрынудан және туғандарыңыз бен жақындарыңызды уайымнан сақтайды. Су айдындарында адамдардың апатқа ұшырау себебін талдасақ, суға батқандардың жартысы ережені бұзған азаматтардан құралса, үштен бірі мас күйінде, ал қалғандары – үлкендердің қарауынсыз қалған балалар екенін көреміз. Сондықтан Сіз су айдынында демалып жатсаңыз да, қармақпен балық аулап отырсаңыз да, қашанда есте сақтап жүретін қарапайым ережелерді естеріңізге саламыз. Адамдардың су айдындарындағы қауіпсіздігінің басты шарты - сақтық шараларын бұзбау. Судағы қауіпсіздік ережесі туралы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ресми сайтындағы келесі сілтемеде танысуға болады - «Қауіпсіздік әліпбиі»- «Халық үшін жадынама» - «Суда абай болыңыздар» - https://www.vkgu.kz/kk/page/halyk-ushin-zhadynama.html Азаматтық қорғау және еңбекті қорғау штабы View the full image