Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Білім беру гранттарына ие болған оқуға түсушілердің аты-жөндері белгілі болды

Гранттарды үлестіру үрдісі толығымен автоматтандырылған және ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады, нәтижесінде адами фактор толықтай жойылған.

Сонымен бірге, мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқу орындары қауымдастығы, ректорлар кеңесі, бұқаралық ақпарат құралдары, «Жас Отан» жастар қанаты, Студенттер альянсы, үкіметтік емес ұйымдар, «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің өкілдерінен құралған республикалық комиссия барлық процестерді бақылады.

2019 жылдан бастап гранттар білім беру топтары бойынша тағайындалады. Яғни әр талапкер оқуға түсер кезде нақты білім беру бағдарламасын таңдайды.

Сонымен қатар, үш жылдан бері «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері, жалпы білім беру пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпаздары, жалпы білім беру пәндерінен халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары тек ҰБТ балдары тең болған жағдайда ғана артықшылық құқыққа ие болады. Басқа жағдайда барлығымен тең дәрежеде гранттық конкурсқа түседі.

Байқау нәтижесін Ұлттық тестілеу орталығы (http://testcenter.kz/ru/), «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», zakon.kz, tengrinews.kz, informburo.kz сайттарында және «Узнай результаты конкурса» телеграм-ботта көруге болады.

Ресми интернет-ресурс Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

 http://edu.gov.kz/kz/news/detail.php?ELEMENT_ID=12051&#

Қазақ
× You found a Typo