03.12.2019 Биология кафедрасының доценті ШҚМУ магистранттарына ашық сабақ өткізді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Биология кафедрасының доценті, биология ғылымының кандидаты Жамал Игісінова биология мамандығының 2 курс магистранттарымен «Ботаникалық зерттеу әдістері» пәнінен «Өсімдік ұлпасын анатомиялық-гистологиялық зерттеу әдістері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта проблемалық ізденушілік, зерттеушілік және түсіндірмелік-иллюстрациялық әдістерді жаңа педагогикалық технологиямен байланыстыра отырып, жеке және кіші топтарда жұмыстар ұйымдастырылды. Магистранттардың практикалық дағдылары өсімдік мүшелерінен анатомиялық кесінділер даярлаумен және микроскопиялық зерттеулермен ұштастырылды. Білікті маманмен тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабаққа кафедраның оқытушыларымен қатар магистранттары қатысты. Биология кафедрасы View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image