07.02.2020 Еліміздегі жоғары оқу орындары студенттері арасында VIII қысқы Универсиада өтеді Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған Қазақстан жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы VIII қысқы Универсиада 24 ақпан мен 20 наурыз аралығында Алматы, Өскемен, Риддерде өтеді. Сайыстар спорттың 5 түрінен өтеді: қысқы президенттік көпсайыс, керлинг, қысқы спорттық бағдарлау, биатлон, шаңғы жарысы. Президенттік көпсайыс Өскеменде 24-28 ақпанда, спорттық бағдарлау, биатлон, шаңғы жарысы Риддерде 4-20 наурызда, керлинг Алматыда 26 ақпаннан 7 наурызға дейін өтеді. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы – білім және ғылым вице-министрі М. Дәуленов. Комитет мүшелерінің қатарында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген бар. Баспасөз қызметі VIII қысқы Қазақстан Универсиадасының БАҒДАРЛАМАСЫ № Спорт түрлері Команда құрамы Өткізілу орны мен уақыты барлығы ерлер әйелдер жаттықтырушылар төрешілер өкілдер күні қала 1 Қысқы президенттік көпсайыс (е.,ә) 12 4 4 2 1 1 20-24 ақпан Өскемен қ. 2 Керлинг(е.,ә) 14 5 5 2 1 1 26 ақпан- 7 наурыз Алматы қ. 3 Қысқы спорттық бағдарлау (е.,ә) 12 4 4 2 1 1 4-9 наурыз Риддер қ. 4 Биатлон (е.,ә) 12 4 4 2 1 1 14-20 наурыз Риддер қ. 5 Шаңғы жарысы (е.,ә) 14 5 5 2 1 1 14-20 наурыз Риддер қ. Ескерту: -15.03.20 ж. –Риддер қаласы, ашылу салтанаты; 19.03.20 ж.-Риддер қаласы, жабылу салтанаты. VIII қысқы Қазақстан Универсиадасы. * 8-ден аса команда қатысқан жағдайда биатлон спорты (е.,ә) жарыстың міндетті спорт түріне және кешенді есеп қорытындысына есептелінеді. Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы VIII қысқы Универсиаданың БАҒДАРЛАМАСЫ View the full image