Физика кафедрасы «Физика» білім беру бағдарламасына 11 жаңа пәнді енгізді, оның ішінде «Бағдарламалау», «Бейнені өңдеу жүйелері», «Роботты техника негіздері», «Бұлтты қызметтер және технологиялар» бар.
Сонымен қатар, «Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика» білім беру бағдарламасында 17 жаңа пән пайда болды: тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы; оқыту мен бағалаудың жаңа тәсілдері; инженерлік және компьютерлік графика; компьютерлік дизайн; интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн; сыни ойлауды дамыту технологиясы; декоративті-қолданбалы өнер және шығармашылық; материалдарды өңдеу технологиясы; тігін бұйымдары технологиясы, сандық өнер; бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі; бейнелеуге және еңбекке оқытуға арналған дидактикалық материалдарды әзірлеу әдістемесі; компьютерлік модельдеу және 3D-баспа; тоқу технологиясы; ағашты көркем ою; сән индустриясы, стиль және бейне; ішкі декоративті безендіру.
Барлық білім беру бағдарламалары бойынша білім мазмұнын жаңарту және білім беру сапасын арттыру міндеттерінің қатарына: жаратылыстану пәндері блогын үнемі жаңартып отыру арқылы жоғары оқу орнының тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру; АРТА, БСҚБТА, «Атамекен» ҰКП рейтингісіндегі білім беру бағдарламалары позициясын жақсарту; білім беру бағдарламаларының тізіліміне сыртқы емтихан нәтижелері бойынша оқу нәтижелеріне қол жеткізудің жоғары пайызын қамтамасыз ету.
Баспасөз қызметі