22.08.2019 Көп балалы отбасынан шыққан ШҚМУ студенттерін университет ректоры жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады "Мектепке жол" акциясы шеңберінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректораты Бозанбай ауылында болып, көп балалы отбасынан шыққан университет студенттерін оқу жылының басталуымен құттықтады. Он баладан тұратын Нұрлановтар көп балалы отбасы Бозанбай ауылында Аманжолов көшесінде тұрады,ал балалар Аманжолов атындағы университетте оқып, оқуын жалғастыруға дайындалуда. Қыздары Саида "туризм" мамандығының 3 курсында, Ажар - "Кәсіптік оқыту" мамандығының 3 курсында, ұлы Олжас – "Цифрлық гуманитаристика" мамандығының 2 курсында оқиды. Бұл кездесу жылы болды. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы осы отбасының шаңырағына барып,"Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған батыр ана Майнұр Құрымбаеваға және үлкен отбасының әкесі Нұрлан Құрымбаевқа тамаша балаларды тәрбиелегені үшін алғысын білдірді. Ректор Ғылыми кеңестің шешімімен көп балалы отбасының балалары № 3 студенттер үйінде тегін тұратынын айтты. Сонымен қатар, Мұхтар Әділбекұлы университет тарапынан көп балалы отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік қолдау көрсетудің басқа да шаралары туралы айтып берді. Мысалы, "Жастар ШҚМУ" фитнесс-орталығына тегін жылдық абонемент және т. б. - Барлық балаларымызға ең алдымен жақсы білім беруге тырысамыз. Менің ойымша, ең бастысы, олардың сапалы және беделді жоғары білім алуы, алдағы уақытта өз болашақтарына жақсы және лайықты жұмыс таба алуы үшін, - деп атап өтті Майнұр Құрымбаева. Жоғары оқу орны басшылығының көп балалы отбасымен тілдесуі барысында оқытушылардың атына, университет ұжымына көптеген жылы сөздер айтылды, ЖОО ректорына көп балалы отбасынан шыққан балалардың тағдырына немқұрайлы қарамағаны және оларға әлеуметтік көмек көрсеткені үшін алғыс сөздері айтылды. Баспасөз қызметі Фото https://cloud.mail.ru/public/4Xxh/hRzgTAHa1 View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image