18.05.2023 «ҚҰҚЫҚ» БОЙЫНША АЙМАҚТЫҚ ОЛИМПИАДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Университетте жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында құқық бойынша аймақтық олимпиада өтті. Шара орта мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін арттыруға арналған. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, оны жасамауға шақыруды көздейді. С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Құқықтану кафедрасының сеньор-лекторы, ШҚО бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аксана Каленованың айтуынша, олимпиада екі кезеңнен тұрды. Біріншісі эссе жазу болса, екінші кезеңде оқушылар еркін тақырыпта кәмелетке толмағандардың заңды жауапкершілігі саласында ғылыми жобаларын қорғады. - Олимпиаданың берері мол. Мектеп оқушылары қазірден бастап өз құқықтарын біліп, заң саласынан хабарлары болуы тиіс. Әсіресе, болашақтарын құқықтану мамандығымен байланыстырған жастар үшін пайдалы. Өздерін сынап, байқап көруге мүмкіндік алды, - дейді Аксана Каленова. Білім сайысына Шығыс Қазақстан және Абай облыстары мектептерінің шәкірттері шақыртылды. Қатысушылардың әрқайсысы өз жобасын таныстырды. Мәселен, Өскемен қалалық №45 орта бейіндік мектебінің 11-сынып оқушысы Дастан Досумов бүгінде қоғамда жиі ұшырасатын «буллинг» тақырыбын қозғады. - Қазір бұл сөзді жиі еститін болдық. Бірақ, ол дұрыс емес. Оны түпкілікті жою қиын шаруа. Дегенмен, алдын алу шаралары арқылы оны азайтуға болады. Әрине, осы жерде құқық мәселесі үлкен рөл атқарады деп білемін, - дейді қатысушы. Сонымен, ең үздік жоба иегері атанып, С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректорының бір жыл тегін білім алуға мүмкіндік беретін білім грантын иеленген – М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебінің оқушысы Әділет Дәулетов болды. «ШҚО кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының» және «ШҚО Адам құқықтары бойынша уәкілеттінің» кубогі Р.Мәрсеков атындағы орта мектептің оқушылары Дильназ Төлегенова мен Нұрай Нұрмұхамбетоваға бұйырды. Ал, «ШҚО бала құқықтарының уәкілеттісінің» кубогі Жансая Қаирғазинаға табысталды. Өзге қатысушылар да құр қол қайтпады. Оларға алғысхаттар мен сертификаттар берілді. View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image