Экология және география кафедрасының меңгерушісі Күлзипа Дакиева Қазақстан педагогтары қауымдастығы ұйымдастырған «Үздік педагог-2020» республикалық байқауына қатысты.
Конкурс 2 санат бойынша өтті. Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін барлық құжаттар ұсынылды – кәсіби құзыреттілік (біліктілікті арттыру, инновациялық технологияларды пайдалану, кәсіби конкурстарға қатысу, зерттеу жұмыстарының нәтижелері – әзірлемелер, жарияланымдар, жарияланған әдістемелік құралдар).
Байқау комиссиясының шешімімен Дакиева Күлзипа Жүсіпқызы «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен және «Үздік педагог-2020» дипломымен марапатталды.
География кафедрасы