07.05.2020 Құрметті ерлер қауымы! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! 1992 жылдың 7 мамырында ҚР Президенті бұйрығымен Ұлттық Әскери күштері құрылды. Осы дата еліміздегі маңызды мемлекеттік мейрам тарихының бастауы болды. Университетімізде Отан қорғаушыларды дайындайтын екі кафедра бар. Кәсіби әскерилер, офицерлер мен алғашқы әскери дайындық оқытушыларын Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра мен АӘД кафедрасы даярлайды. Дегенмен, 7 мамыр тек елімізді қорғаушы әскерилердің ғана емес, бүкіл халықтың мейрамы. Осы айтулы күні, барша қорғаушыларымызды, ержүрек азаматтарымызды мейрамдарымен құттықтаймыз! Сіздер біздің тірегімізсіздер, еліміздің жарқын, әрі бейбіт болашағына деген сенімімізсіздер! Әрқашан аспандарыңыз ашық болып, батыл, ержүрек мінездеріңізден таймаңыздар! Сіздерге зор денсаулық, үйлеріңізге береке, отбасыларыңызға бақыт тілейміз! Мейрамдарыңызбен! Ректорат View the full image