01.05.2020 Құрметті әріптестер, студенттер, ардагерлер! Сіздерді 1-мамыр –Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! 1-мамыр – еліміздегі маңызды мереке. 1-мамыр біздің көпұлтты республикамыз үшін, күнделікті еңбегімен елдің және өз отбасының өркендеуі мен әл-ауқатының артуына үлес қосып жүрген барлық азаматтар үшін достық пен келісімнің жарқын мейрамына айналды. Бірлік күні – бұл көктемнің жаңаруы мен жарқын үміттің, бейбітшілік пен жасампаздықтың, ізгілік пен әділеттіліктің нышаны! Біздің мемлекетіміз – әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың бейбіт бірге өмір сүріп жатқан көпұлтты үйі. Біз барлық халықтармен және ұлттармен тату-тәтті әрі түсіністікте өмір сүруді білеміз, бізде шынайы достық пен өзара көмек жоғары бағаланады. Қазақстан халқы біртұтас. Біздің ортақ міндетіміз – рухани және мәдени құндылықтарды сақтау, халықтың ауызбіршілігі мен елдегі тұрақтылықты нығайту. Қазіргі пандемиялық жағдай біздің бірлігімізді тағы бір мәрте дәлелдеді! Мемлекет басшысының бастамасымен «Біз біргеміз!» жалпыұлттық акциясы аясында біздің университет студенттерді және ардагерлерді азық-түлікпен, антисептиктермен, бетперделермен, компьютерлермен қамтамасыз етуде. Барлықтарыңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, баянды бақыт, сенім, үміт және сүйіспеншілік тілеймін! Жарқын идеяларыңыз бен барлық бастамаларыңыз сәтті іске аса берсін! С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген View the full image View the full image