04.05.2020 Мемлекеттік бағдарламалар аясында білім алған ШҚМУ түлектерінің жұмысқа орналасу үлесі – 100% Түлектерді жұмысқа орналастырудағы маңызды бағыттардың бірі – мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, оның ішінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы мен ауылдық квота бойынша оқуды бітіретін түлектерді жұмысқа жолдау. 2019-2020 оқу жылында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың мемлекеттік білім грантына ие 79 студенті, ауыл квотасы бойынша оқып жатқан 18 студенті, сонымен қатар «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы бойынша оқуды аяқтайтын 152 студенті жұмыспен қамтылуы керек. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы мен ауылдық квота аясында мемлекеттік білім гранты бойынша оқуды аяқтайтын түлектердің алдын ала жұмысқа орналасу үлесі 100%-ды құрады. Баспасөз қызметі View the full image