Төртінші тоқсанға мектептер әкімшіліктері, мұғалімдер және оқушылар үшін қашықтан жұмыс істеуге арналған әдістемелік нұсқаулықтар жасалды. Оларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стандарттары мен талаптарын ескере отырып, Шығыс Қазақстанның жетекші мұғалімдерінен құралған жұмыс тобы дайындады.
Әзірленген кешен мұғалімдерге арналған кеңестерден тұрады: оқу процесін қалай ұйымдастыруға, оқу материалын әзірлеуге және қамтамасыз етуге, бағалауды жүргізуге, оқушыларға кеңес беріп, көмек көрсетуге, сондай-ақ оқушылардың материалды меңгеру уақыты мен ретін жоспарлауға болады.
Еске салайық, аудандық және қалалық білім бөлімдері бірге мектеп компьютерлерін жеке компьютерлік жабдықтары мен мобильді құрылғылары жоқ оқушылар мен мұғалімдерге уақытша беру мәселесін шешті. Қазіргі уақытта облыста оқушылардың 91,5% Интернет арқылы оқиды. Қалған 8,5% оқушылар (15 мыңнан астам бала) желі жылдамдығы төмен шалғай ауылдарда тұрады, сондықтан теледидар сабақтары арқылы оқытылады.
Оқу кезінде балалар бір уақытта бірнеше ресурстарды, атап айтсақ Bilimland.kz және Daryn.online.kz білім беру платформаларын, kundelik.kz электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесін, Telegram және WhatsApp жедел хабарламаларын, электрондық поштаны қолданады.
Баспасөз қызметі