25.10.2019 Риддер оқушылары ШҚМУ туралы ақпаратпен танысты 25 қазанда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың кәсіби бағдар берушілері білім бөлімінің шақыруымен Риддер қаласына барды. Кездесуде 10-11 сынып оқушыларына жоғары оқу орны, дайындық бағыттары, әр факультеттің білім беру бағдарламалары, білім беру траекторияларын таңдау туралы толық ақпарат берілді. Оқушылар ЖОО әскери кафедрасында, ШҚМУ колледжінде оқудың мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы білді, сондай-ақ ҰБТ өткізу форматы туралы (жаңа ережеге сәйкес), университеттің әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат алды. Оқушыларға жарнамалық буклеттер, презентациялық бейнематериалдар ұсынылды. Олар үлкен қызығушылықпен сұрақ қойды. Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы View the full image View the full image View the full image