Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлекет бойынша оқу гранттары ең көп бөлінген университеттердің бірі.
*Биылғы жылы 5,7 мыңнан астам үздік түлек ҚазҰУ-ды таңдап, мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері атанды. Олардың көбі «Алтын белгі» иегерлері және халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңмпаздары.
*ҚазҰУ-де студенттер қалашығының аумағын абаттандыру жұмыстары әлі күнге жалғасуда. 18 мың шаршы метр жолдың асфальт төсеніші жаңартылды, 2 мың шаршы метр жаңа жаяу жүргіншілер жолы төселуде.
Сонымен қатар, «Аквапоника» су саябақ аумағының құрылысы мен университет аумағындағы ландшафтылық жұмыстар аяқталды. Ал, Технологиялық парк аумағында альтернативті энергетика жүйесінің сызбасы пайда болды.
Баспасөз қызметі