30.09.2019
ШҚМУ биология кафедрасында студенттерді қабылдау рәсімі өтті
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ биология кафедрасында «Cтуденттерді қабылдау» салтанатты іс-шарасы өтті.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті биология кафедрасында 4 курс студенттері мен доцент А. Шәріпханованың, аға оқытушы Б. Кәрменованың ұйымдастыруымен биология және жаратылыстану, биология, аңшылықтану және аң шаруашылығы мамандықтарының 1 курс студенттерін қабылдау іс-шарасы өтті.
Студенттер қатарына қабылдау рәсімінде факультет деканы М. Мадияров және биология кафедрасының меңгерушісі, доцент А. Кітапбаева құттықтау сөз сөйледі. Мереке өте қызықты өтті.
Сонымен қатар, 1 курс студенттері университеттің ішкі тәртібін сақтап, жақсы оқуға ант етті.
Биология кафедрасы