28.10.2019 ШҚМУ-да Абай Құнанбаев оқиды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың психология, педагогика және мәдениет факультетінің денешынықтыру мен спорт мамандығында Абай Құнанбаев деген студент оқиды. Қазір қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқуын жалғастырып жатқан Абай Зайсан ауданы, Шілікті ауылында 1999 жылы 24 науырызында дүниеге келген. Атасы Құнанбайдың кенже ұлы Игісінов Ерсіннің кенже баласы. Отбасында үш бала, әкесі мен анасы – мұғалім. Сақ патшасы шыққан киелі жердің тумасы әкесі мен атасын үлгі тұтады. – Атам кішкене күнімнен «Шыбындай жанға қиянат жасама, ақты ақ, қараны қара деп ажырат. Атқа кір келтірмеу – адамдық парызың» деп құлағыма құйып отыратын, – дейді Абай. Абайды марқұм ұстазы Қ. Жүнісов өлеңді мәнерлеп айтуға, поэзияны сүюге баулыған. Атасы Құнанбайдың ықпалымен Абай, Шәкәрім өлеңдері мен әндерін бала күнінен жатқа оқиды. Аудан бойынша «Абай, Шәкәрім оқуларынан»1-2 орындарды иеленген. – Тұлға болып қалыптасып, Абай Құнанбаев деген атқа лайық болудың өзі үлкен жауапкершілік жүктейді маған, – дейді студент Абай. Баспасөз қызметі View the full image