21.05.2020 ШҚМУ-да «Абай және әлемдік өркениет» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Абайтану» ғылыми-зерттеу институты Абайдың 175 жылдығына орай «Абай және әлемдік өркениет» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Түркия, Нидерландия, Польша және Қазақстан ғалымдары баяндама жасаған конференцияға «Zoom» платформасы арқылы шет елдер мен республиканың түкпір-түкпірінен 100-ден астам оқытушылар, журналистер, магистранттар, студенттер қатысты. Конференияда ШҚМУ «Абайтану» институтының директоры, профессор Айжан Қартаева модератор болды. Конференцияны университет ректоры Мұхтар Төлеген кіріспе сөзімен аштып. Ректор конференцияға қатысушы абайтанудың білгірі, әйгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлын 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Одан соң университет тарапынан ақын мерейтойы аясында өткізіліп жатқан ауқымды шараларға тоқталды. Профессор, М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Мекемтас Мырзахметұлы Абайдың Батысынан Шығысы басым екенін нақты тұжырымдармен дәлелдеп, «Толық адам» іліміне кеңінен тоқталды. Аталмыш ілімді мектептер мен ЖОО-да оқытуға арналған оқулық жасалып, енді оқытыла бастайтынын айтты. Ғалым пікірінше, бұл еңбекті тек қазақ халқы емес, алдымен түркі әлемі, кейін бүкіл Еуропа іздеп жүріп оқитын болады. Түркиядағы Фырат университетінің профессоры Эрджан Алкая «Ұлы Абай түркі әлемінде» баяндамасында Абайдың түркі әдебиетіндегі орны туралы сөз қозғап, Түркиядағы Абай атындағы мектептер, көшелер, саябақтар мен ақын ескерткіштері, өмірі мен шығармашылығы туралы жарық көрген кітаптар, диссертациялар мен мақалалар жайында мәлімет берді. М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, профессор Серікқазы Қорабай «Ғаламдық мәдениет ғұламасы» баяндамасын ұсынды. Нидерланд елінен қатысып отырған «Еуразиялық перспектива» компаниясының президенті, профессор Зифа Әуезова Абай өлеңдері мен әндерінің ағылшын тіліне аударылуы жайын сөз етті. Ғалымның айтуынша, ақын шығармаларын өзге тілдерге орыс тілінен гөрі түпнұсқадан аудару тиімді. Варшава университеті (Польша) саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар факультетінің докторанты Жандос Қарынбаев «Құнанбай әулеті және поляк зиялылары: көпқырлы байланыстардың жылнамасына шолу» баяндамсын ұсынды. Польшада қазақтарға, оның ішінде Шығыс Қазақстанға, Құнанбай әулетіне қатысты жинақталған деректер қатысушылар қызығушылығын тудырды. «Жидебай-Бөрілі» мұражайының директоры Тұрдықұл Шаңбай «Ахмет Байтұрсынұлының абайтанудағы рөлі» тақырыбында баяндама жасап, қатысушыларды мұражай ұжымымен жұмыс жасауға шақырды. М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Ежелгі дәуір және түркітану бөлімінің меңгерушісі, доцент Төрәлі Қыдыр Абайдың шығысқа қатысы туралы құнды деректерді жария етті. Варшава универсиетінің докторанты Салтанат Күзембаева шет елдердегі Абай орталықтарынының Қазақстан имиджін қалыптастырудағы рөліне тоқталды. Шет елдер мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Қарағанды, Шымент, Павлодар өңірлерінен қатысушыларға конференцияның берер тағылымы мол болды. Оған дәлел – қатысушалардың білдірген жылы лебіз-пікірлері, жазып жатқан алғыстары. Данагүл Исахұл, Дәулетберді Жәкейұлы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистранттары View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image