Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да академиялық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да білім беру бағдарламаларын қорғау форматында өткен академиялық кеңестің кеңейтілген отырысы аяқталды.

Кеңестің жұмыс кестесіне сәйкес Академиялық кеңес отырысының үшінші күні тарих, филология және халықаралық қатынастар, экономика және құқық факультеттерінің кафедралары білім беру бағдарламалары қарастырылды. Білім беру бағдарламаларының жетекшілері өзектендіру бойынша атқарылған жұмыстар, білім берудің жаңартылған мазмұнының идеяларын, заманауи трендтерді, кәсіби стандарттарды ескере отырып, БББ оңтайландыру бойынша жүргізілген жұмыстар мен негізгі мәселелерді туралы айтып, оларды шешу жолдарын ұсынды.

Серіктес-жұмыс берушілермен және сараптау комиссияларымен бірлескен жұмыс нәтижесінде 2020-2021 оқу жылына арналған білім беру бағдарламалары бойынша жобалау комитеттерінің өткізілген отырыстарының қорытындысы бойынша жұмыс оқу жоспарлары оңтайландырылды, білім беру бағдарламалары, элективті пәндер каталогтары айтарлықтай жаңартылды, «Minor» қосымша білім беру бағдарламаларының каталогтары құрастырылуда.

Білім беру бағдарламалары кәсіби стандарттарды, заманауи үрдістер мен трендтерді ескере отырып өзектілендірілген, түлектердің талап етілетін құзыреттілігін дамытуға, практикалық дағдыларға, соның ішінде кәсіпкерлік дағдыларға оқытуға баса назар аударылған.

Атқарылған жұмыс туралы есептерді тыңдау қорытындысы бойынша «Тарих» БББ бойынша докторантураны гуманитарлық ғылымдар кадрларын даярлау бағытында жаңарту, бакалавриатта «Құқық қорғау қызметі», докторантурада «Құқықтану» жаңа БББ ашу ұсынылды. Сондай-ақ, дуалды білім берудің, сыртқы академиялық ұтқырлықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Университеттің академиялық кеңесі

Қазақ
× You found a Typo