24.04.2020 ШҚМУ-да болашақ филологтар дипломдық жұмыстарын онлайн қорғады Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасында Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша бітірушілердің дипломдық жұмыстарын алдын ала қорғау сынақтары өтті. Диплом қорғау алдындағы іс-тәжірибиенің мазмұны диплом тақырыбы бойынша анықталатындықтан, 4-курс студенттері алдымен 2 апта көлемінде өткен іс-тәжірибиенің есебін тапсырды. Күндізгі бөлім бойынша 24 студент ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі тұжырымдарымен таныстырып, кафедра оқытушыларының тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес, филологиялық және педагогикалық білім саласындағы әртүрлі технологиялар мен зерттеу әдістері негізінде интеграцияланған дипломдық жұмыстар ШҚМУ доценттері Б.Н. Бияровтың, Б.Б. Келгембаеваның, А.Ә. Әлімханның ғылыми жетекшілігімен орындалған. Кафедраның аға оқытушысы М.Қ. Ибраева диплом жұмыстарының техникалық безендірілуі, нормативтік талаптары, антиплагиаттық анықтаманың берілу тәртібі туралы түсіндірді. Студенттердің диплом жұмысын қорғауға дайындық деңгейі мен іс-тәжірибе бойынша нәтижелері хаттамаға енгізілді. Биылғы түлектердің диплом жұмыстарын қашықтан қорғауға бейімделгенін байқауға болады. Қ. Барбосынова, білім беру бағдарламаларының менеджері View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image