01.10.2019 ШҚМУ-да діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алу бойынша кездесулер онкүндігі аяқталды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да діни экстремизм мен терроризмнің жастар арасында таралуының алдын алу бойынша кездесулер онкүндігі аяқталды. Моральдық және рухани бағыттары нақтыланбаған жастар экстремистік ұйымдардың жеңіл құрбанына айналып жатады. Сол себепті кездесулердің мақсаты – студенттерге деструктивті діни ағымдар туралы толық ақпарат тарату. ШҚО Дін істері жөніндегі департаментінің қызметкері М. Амринова қазіргі әлемде дінаралық, мәдениетаралық диалогтың қажеттілігі артып келе жатқанын атап көрсетті. Сондықтан студенттер дәстүр, саясат, заң мәселелерінде ашық, сауатты, бейілді болуы тиіс. Олар өзге діндермен, мәдениеттермен, этностармен қарым-қатынасқа дайын болулары керек. Онкүндікті психология, педагогика және мәдениет факультетінің студенттері түйіндеді. Іс-шарада студенттермен сенім, дәстүр, дін, тарих, жауапкершілік, түсіністік, ата-анаға құрмет тақырыптары талқыланды. Соңында барлығына ақпараттық парақшалар үлестірілді. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image