22.10.2019 ШҚМУ-да «Донор күні» өткізілді Шараның мақсаты – жастарды донор болуға шақыру, қажетті қан компонеттерін алу. Университет білім алушыларының донор болуға деген қызығушылықтары артып, әр студент белсене қатысты. 2013 жылдан басталған бұл шара жылына екі мәрте өтеді. Оған 18 жасқа толған, денсаулығы толық бақылаудан өткен әр азамат қатысады. Қан тапсырушылар сауалнама толтырып, денсаулығы туралы ақпарат беруі тиіс. Донордың қан қысымы тексеріліп, қан құрамындағы гемоглобин, алкоголь, басқа элементтер мөлшері тексеріледі. Тегiн қан тапсырған донорларға «Халық денсаулығы туралы» кодекске сәйкес 2 күн демалысқа анықтама беріледі. Бұл күндердi донорлар бiр жыл iшiнде қалаған уақытында ала алады. Донорлардың қан тапсырған күнi жұмыстан босатылуына құқығы бар. Егер олар жұмысын жалғастыра берсе, бұл демалыс күнiн кейiн пайдалана алады. Сондай-ақ, донорларға қан тапсырудан кейiн қан мөлшерін, күш-қуатын қалпына келтiру үшiн тамақ беріледі немесе 1 мың теңге төленедi. Бір адамнан алынған қан үш адамның өмір сүруіне себепші болатынын ұмытпайық. Гүлсезім Шайхынова, журналистика мамандығының 4 курс студенті View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image