06.05.2020 ШҚМУ-да ел жоғары оқу орындарының студенттері арасында географиядан ХІІ республикалық пәндік онлайн-олимпиада өтті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ экология және география кафедрасында география мамандығы бойынша қашықтан ХІІ республикалық пәнаралық олимпиада өтті. Олимпиадаға 17 жоғары оқу орнынан жиналған 33 студент қатысты. 1-кезең тест сұрақтарын шешу (теориялық), 2-кезең практикалық сұрақтарға жауап беру (практикалық) түрінде өтті. Комиссия мүшелерінің шешімімен орындар төмендегідей бөлінді. Жеке есеп бойынша І орын – Дәулет Құдабаев (Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ), ІІ орын – Секен Мамырбаев (Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті), Дулат Мақсотов (Абай атындағы ҚазҰПУ), ІІІ орын – Айдын Балғабеков (Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті), Абай Мендібаев (Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті), Николай Грозовский (Ш. Уәлиханов атындағы КМУ). Командалық есеп бойынша І орын – М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, ІІ орын – М. Өтемісов атындағы БҚМУ, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, ІІІ орын – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Қатысушы студенттер мен жетекшілері олимпиаданың қашықтық форматта бірінші рет өткенін атап, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Экология және география кафедрасы View the full image View the full image