10.04.2020 ШҚМУ-да Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңарту» мақаласының 3 жылдығына арналған вебинар өтті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Білім беру жүйесі және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басымдықтары» әдістемелік вебинары өтті. Вебинарды Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңарту» мақаласының 3 жылдығына орай «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды. Бұл – «Әлеуметтік институттар және «Рухани жаңғырудың» басымдықтары» циклінің алғашқы вебинары. Оған Қазақстан қоғамдық даму институты «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Жанар Буканова қатысып, бағдарлама аясында елде іске асырылып жатқан жобалар туралы айтты. ЖОО оқытушылары мен қоғамдық ұйымдар өкілдері түрлі мәселелерге қатысты өз пікірлерін білдірді. Іс-шараға «Рухани жаңғыру» облыстық орталығының жетекшісі Мәдениет Ахметова, осы орталықтың қызметкерлері К.М. Шерьязданова, Д.К. Ибраимова, Р.Р. Серғазинов, А. Ғазизұлы, А.К Нұртаева, «ЗУБР» орталығының өкілі Валерий Ким, «Жобалық-экологиялық бюро» АҚБ директоры Вадим Литвинов атсалысты. «Алтайтану» ҒЗО View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image