24.10.2019 ШҚМУ-да Ғылыми кеңес отырысы өтті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Университет білім алушылары арасында олардың деструктивті діни ағымдар идеологиясына тартылуына жол бермеу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу туралы ТЖ және ӘМБ басшысы Р. Абдрасулин баяндады. Ұсыныстар – әлеуметтік желілерді, жастар челлендждерін, әлеуметтік роликтерді, акцияларды қолдана отырып, күндізгі бөлімде оқитын студенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту, студенттердің университет әлеуметтік желілеріне және инернет-ресурстарына жазылуын ширату, топ кураторлары мен ЖОО қызметкерлеріне арнап ШҚО Дін істері жөніндегі департаментімен бірлесе семинар-тренингтер өткізу. Ғылыми, педагогикалық, бейіндік бағыттағы 1 курс магистранттарының магистрлік диссертацияларының, 1 курс докторанттарының докторлық диссертацияларының тақырыптарын және жетекшілерін бекіту туралы ЖОО-дан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы М. Нықмұқанова мәлімдеді. СД және ҒЖ жөніндегі проректор И. Ровнякова 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми-техникалық және ғылыми жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландырудың ҚР БҒМ конкурсына қатысуға өтінімдерді және 2020-2022 жылдарға арналған ғылым және ғылыми-техникалық жобалар бойынша бағдарламалық-мақсатты қаржыландырудың конкурстық құжаттамаларын беру барысы туралы хабарлады. Сондай-ақ, «2019-2023 жылдарға арналған С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды интернационализациялау стратегиясын» бекіту туралы (И. Ровнякова) және «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2019» республикалық конкурсына ШҚМУ оқытушыларының кандидатураларын ұсыну туралы (ОӘЖ жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы) мәселелер қаралды. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image