Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Ғылыми кеңес отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кеңесінің отырысында тоғыз мәселе қаралды.

Тарих, филология және халықаралық қатынас факультетінің деканы Ә. Өскембай оқу-әдістемелік, тәрбие, ғылыми жұмыстарды жетілдіру туралы баяндады, академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры, оқу-әдістемелік, тәрбие, ғылыми жұмыстарды тексеру комиссиясының төрайымы И. Стеблецованың анықтамасы тыңдалды.

Оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Н. Сәдірбекова «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша аттестациялық комиссияны бекіту, диплом жұмыстарының тақырыптары мен жетекшілерін бекіту туралы ақпарат берді.

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И. Стеблецова ақылы оқып жүргендер қатарынан босаған гранттарға үміткерлер туралы мәлімет ұсынды.

2019 жылға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасының іске асырылуы туралы проректор И. Ровнякова мәлімдеді.

Ғылыми кеңес қабылдаған шешімдердің орындалуы туралы Жаратылыстану ғылымдары және технологиялыр факультетінің деканы, Ғылыми кеңес қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылау комиссиясының төрағасы М. Мадияров хабарлады.

Проректор И. Ровнякова «қауымдастырылған профессор» ғылыми атағына үміткерлерді БҒМ-не ұсыну туралы ақпарат берді.

ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімінің басшысы М. Әбілев басуға ұсынылған монографиялар туралы, Ж. Уәлиев шәкіртақысын тағайындау комиссиясының шешімін бекіту туралы ақпараттандырды.

Барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo