10.04.2020 ШҚМУ-да ғылыми жобалар бойынша жұмыстар да қашықтан атқарылуда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жобалық қызметті ұйымдастыру әдістері қашықтық форматта қолданылуда. – Қашықтан сабақ беруде сындарлы ойлауды дамыту технологиялары да қолданылуда, – дейді ШҚМУ Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылым зертханасы Өсімдіктер биологиясы және биотехнологииясы зертханасының жетекшісі М. Сутула. Осы ретте ғылыми жобаларды да қашықтан әзірлеуге болады. Бұл орайда жетекші жобаға қатысушыларға нақты тапсырмалар беріп, орындалуын жиі-жиі қадағалайды. Мәселен, ШҚМУ-дың Өсімдіктер биологиясы және биотехнологииясы зертханасы бүгінде қашықтан картоптың жаңа сұрыптарын шығарумен айналысуда және осы мақсатта АҚШ, Еуропа, Израиль зертханаларымен бірлесе жұмыс істеуде. Баспасөз қызметі View the full image View the full image