10.03.2020 ШҚМУ-да химия бойынша аймақтық олимпиада өтті Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің Химия кафедрасы облыс және қала мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында аймақтық олимпиаданың II турын өткізді. Олимпиаданың І іріктеу кезеңі 1-20 ақпанда қашықтықтан өткізіліп, ІІ кезеңге 14 қатысушы жіберілді. ІІ кезеңде қатысушылар практикалық жұмыс жасап, теория бойынша сұрақтарға күндізгі және онлайн режимде жауап берді. Олимпиада қорытындысы бойынша орындар іштей және онлайн режимде қатысқан оқушылар арасында бөлек берілді. Іштей қатысушылар арасында І орынды Советханова Жансая (№16 орта мектеп, жетекшісі Қашқанова А.З.); ІІ орынды Журкина Анастасия, Побединский Алексей (№11 лицей, жетекшісі Лушпай Е.А.), ІІІ орынды Ақошева Аяжан (№16 орта мектеп, жетекшісі Қашқанова А.З.), Амангельдина Айым (А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектеп, жетекшісі Мұқанова А.К.), Қалиева Әсел (№11 лицей, жетекшісі Лушпай Е.А.) алды. Онлайн қатысушылар арасында І орынды Мұратов Әділет (Назарбаев Зияткерлік мектебі, жетекшісі Әбішева Ж.С.), ІІ орынды Нұрғазина Гүлім, Оралханова Аружан (Назарбаев Зияткерлік мектебі, жетекшісі Әбішева Ж.С.), ІІІ орынды Алтынхан Еркежан, Болатқызы Ақмарал (Назарбаев Зияткерлік мектебі, жетекшісі Әбішева Ж.С.), Мұратбекова Жұлдыз (Жезкент мектеп-лицейі, жетекшісі Орынбаева А.К.) иеленді. Сонымен қатар, «Үздік теоретик» аталымымен Советханова Жансая, Мұратов Әділет, «Үздік тәжірибеші» аталымымен Советханова Жансая, Журкина Анастасия марапатталды. Дипломдармен химия кафедрасының меңгерушісі Б.К. Шаихова марапаттады. Сән Оразова, Химия кафедрасының аға оқытушысы View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image