08.04.2020 ШҚМУ-да «Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» оқыту вебинары өтті С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» оқыту вебинары өтті. Оған құрылымдық бөлімшелердің басшылары, факультет декандары, кафедра меңгерушілері және қызығушылық танытқан оқытушылар қатысты. Модераторы оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы болды. Бұл вебинар оқыту вебинарлар топтамасын жалғастырады, негізгі мақсаты –оқытушыларды ақпараттық технологияларды қолдану тәсілдеріне оқыту, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша үздік тәжірибені жинақтау. Вебинар бағдарламасында түрлі сұрақтар қарастырылды. «Қашықтықтан оқыту жағдайында кәсіптік практиканы ұйымдастыру» атты ақпаратпен кәсіби тәжірибе жетекшісі Ж. Тоқаева, сондай-ақ кәсіби практиканы ұйымдастыруда үлкен тәжірибесі бар жетекші оқытушылар – психология және түзету педагогикасы кафедрасының доценті, пс.ғ.к. М. Әуренова, биология кафедрасының аға оқытушысы, б.ғ.к. А. Кітапбаева, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, магистр Е. Қариев, КМжАТ кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы А. Сәдуақасова сөз сөйледі. Олар кәсіби практиканы өткізу форматына және мазмұнына өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті, қашықтан оқыту жағдайында практиканы ұйымдастырудың қызықты формаларын ұсынды. Оқу үдерісін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Н. Сәдірбекова «ҚОТ қолдану арқылы оқыту жағдайында қорытынды аттестаттау өткізу туралы» ақпаратпен және тіркеу бөлімінің бастығы М. Мұстафина сөз сөйледі. Олар қатысушыларды қорытынды аттестаттауды өткізудің жаңа форматымен және оқытушыларды кешенді емтихандарды өткізуге сапалы дайындау және қашықтан оқыту жағдайында дипломдық жұмыстарды, магистрлік диссертациялар мен жобаларды қорғау қажеттілігімен таныстырды. Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы университетте оқу материалдарын дайындауға көмек көрсететін сандық еріктілер пулын құру, білім беру процесінде ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша оқыту вебинарларын өткізу, сондай-ақ қашықтықтан оқыту жағдайында білім алушылар мен оқытушыларды психологиялық қолдау қызметін құруды ұсынды. Бұл ретте Д. Ерболатұлы психология және коррекциялық педагогика кафедрасының жүзеге асырып отырған «Мен – Сіздің онлайн дефектологыңызбын» жобасының оң тәжірибесін атап өтті. Вебинар соңында экономика және құқық факультетінің деканы А. Мұхамедиева факультеттің әдістемелік онкүндігінің қашықтық форматындағы өту барысы, жаңа әсерлер, қызықты жұмыс түрлері туралы айтып, іс-шараларды бірлесіп өткізуге белсенді қатысуға шақырды. Келесі оқыту вебинары «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының әлеуметтік институттары мен басымдықтары» әдістемелік вебинарлар мәселесіне арналады. Ол 9 сәуір күні сағат 11.30-да өтеді, модераторы – ШҚМУ «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Э. Столярова. Толығырақ ақпарат ШҚМУ сайтында қосымша ұсынылады. Барлық мүдделі тұлғаларды осы іс-шараға қатысуға шақырамыз. Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image