Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да қазақ есімдерінің жазылуына қатысты дөңгелек үстел өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атының жазылуын тарихи дәстүрге сәйкестендірейік» айлығының аясында дөңгелек үстел өтті.

Оны ШҚМУ мен Өскемен қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды.

Іс-шарада Президенттің 1996 жылғы 2 сәуірдегі «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» №2923 Жарлығына сәйкес ұлты қазақ азаматтардың тегін, әкесінің атын және жалқы есімдерді ретке келтіру мәселелері талқыланып, сұрақтарға жауап берілді.

Дөңгелек үстелде Өскемен қаласы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Дәмеш Мейірманова, филология ғылымының кандидаты, доцент Айгүл Әлімхан, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары аталған Жарлық бойынша түсіндірме жұмысын жүргізіп, буклеттер таратты. Студенттер ойларымен бөлісіп, өз есімдерінің мағынасына тоқталды.

Жиында ұлтымыздың ат қою дәстүріне, аты-жөнімізді сауатты жазуға үлкен жауапкершілікпен қарау керектігі айтылды.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo