9 желтоқсанда аталатын Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні қарсаңында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың адамгершілік-этикалық және құқықтық негіздері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияны ШҚМУ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментімен, «Complianceinbusiness (CIB)» ЖШС-мен бірлесе өткізді.
Іс-шараны әзірлеумен және өткізумен «Саналы ұрпақ» фронт-кеңсесі айналысты.
Жиынға Ресей, Қырғызстан, Литва, Корея ғалымдары, педагогтары мен магистранттары қатысты.
Жемқорлықпен күрес адамгершілік қағидаттарымен де тығыз байланысты.
– 2003 жылдың 9 желтоқсанында Мексикада БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қабылданды. Содан бері бұл күн Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні ретінде аталады. Құжатқа қол қойған 100-ден астам мемлекет жемқорлықпен күресте күш біріктіруге келісті, – деп атап көрсетті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген.
Баяндамашы жастар бойында адалдық, шыншылдық, ар сынды құнды қасиеттерді сіңіруге жіті көңл бөлу керек.
Жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Ж.Е. Байдильдин, «Шығыс – Адалдық Алаңы» кеңсесінің жетекшісі Е.Н.Березинская-Абилова сөз сөйледі.
Конференцияда баяндама жасағандар қоғам індетімен күресудің амал-тәсілдерін қарастырып, осы ретте адами құндылықтардың маңызына тоқталды.
– Біз түрлі елдерден келген сарапшылардың пікірін тыңдадық. Қазақ елінің де өз жолы, өз құндылықтары бар, адалдық идеологиясын дамытуда сол әлеуетті тиімді пайдаланған жөн, – деп түйіндеді конференцияны М. Төлеген.
Конференцияға барлығы 170 адам қатысты.
Баспасөз қызметі,
«Саналы ұрпақ» фронт-кеңсесі