11.03.2020 ШҚМУ-да әліпбидің жаңа жобасына қатысты семинар өтті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында «Латыннегізді ұлттық әліпбидің жаңа жобасының орфографиялық-әдістемелік мәселелері» семинары өтті. Іс-шарада филология ғылымының кандидаттары Айгүл Әлімхан, Аида Айтмұқашова латын графикасы негізіндегі умляутты жобамен таныстырып, аталған жобаның лингвистикалық, әдістемелік мәселелеріне талдау жасады. Оқытушылар мен студенттер өздерін толғантқан сұрақтарына жауап алып, ой-пікір білдірді. Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image