5 ақпанда университет ректоры Мұхтар Төлеген «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламасы бойынша оқып жатқан 4 курс студенттерімен кездесті.
Сонымен қатар, іс-шарада ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының өкілдері және 2018, 2019 жылы оқуды «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламасы бойынша бітірген түлектер қатысты.
Кездесу барысында түлектерді жұмысқа жіберу, жұмысқа орналастыру және жұмыс істеу міндеттемесінен босату туралы ережелер түсіндірілді.
Еске сала кетсек, Білім туралы заңға кейбір өзгерістер мен толықтыруларға сай 26-бабының 8-тармағының 6-тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен азаматтар оқуды аяқтағаннан кейін үш жылдан кем емес оқыған өңірінде жұмыс істеуге міндетті.
Сонымен қатар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы қоші-қон орталығының бастығы Раушан Таймулдина «Еңбек» бағдарламасына сай Шығыс Қазақстан облысында жұмысқа орналасқан «Серпін» түлектеріне көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді.
Раушан Сәбиғазықызы 100-ден астам 2019 жылдың жоба түлектері Шығыс Қазақстанда жұмысқа орналасқанын және «Еңбек» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болғанын атап өтті.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы