17.03.2020 ШҚМУ-да онлайн-дәрістер табысты өтуде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да оқытушылар онлайн-дәрістер өткізе отырып, студенттермен қашықтан жұмыс істеуде. Осындай форматтағы қызметтің екінші күні оқытушылардың жаңа жағдайларда жұмыс істеуге дайындығын көрсетті. Қашықтан білім беру технологиялары қолданылатын білім беру үрдісі қашықтан оқыту порталы арқылы, университет сайтындағы www.vkgu.kz eUniver білім беру порталы арқылы іске асырылуда. Оқытушылар бейнесабақ, өзіндік жұмыс, онлайн-курс, чат-сабақ, веб-сабақ, телеконференция сияқты жұмыстың сан түрін қолдана отырып, білім алушылармен кері байланыс орнатты. Өзге де ақпараттық-коммуникативтік технологиялар қолжетімді: электронды журнал, скайп, телесабақтар, modul, zoom, электронды пошта, whatsaap-чаттар, телеграмм, univer және т.б. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image