26.03.2020 ШҚМУ-да онлайн-режимде ғылыми кеңес өтті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да оқу орнының ректоры М.Ә. Төлегеннің төрағалығымен онлайн-режимде Ғылыми кеңестің отырысы өтті, жиын барысында бес мәселе қарастырылды. Экономика және құқық факультетінде оқу-әдістемелік, тәрбие, ғылыми жұмысты жетілдіру туралы ЭжҚФ деканы А. Мұхамадиева баяндады. Университет факультеттерінде және колледжінде оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми жұмыстардың ұйымдастырылуын тексеру комиссиясының төрайымы, академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И. Стеблецова анықтама берді. 2018-2022 жылдарға арналған ШҚМУ-ды дамыту бағдарламасының орындалуы туралы стратегиялық даму және ғылыми жұміс жөніндегі проректор И. Ровнякова ақпарат берді. Университеттегі ЖОО-дан кейінгі білім беруді дамытудың мәселелері мен келешегі туралы ЖОО-дан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Т. Абылайханова мәлімдеді. Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы университеттегі білім мазмұнын жаңарту жұмыстары туралы хабарлады. Қашықтан оқытуға көшу және эпидемиялық жағдайға байланысты қолға алынған шаралар туралы проректор Д. Ерболатұлы мен Ақпараттық-техникалық қамту және цифрландыру орталығының жетекшісі Б. Ділдебай ақпарат берді. Барлық мәселелер бойынша шешім қабылданды. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image