13.05.2020 ШҚМУ-да психология, педагогика және мәдениет факультетінің ашық есік күні өтті 13 мамыр күні психология, педагогика және мәдениет факультетінде облыс мектептері мен колледждерінің түлектері үшін ашық есік күні өтті. Онлайн режимінде өткен кездесуде психология, педагогика және мәдениет факультетінің деканы, м.ғ.к. Г.Б. Куленова құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге факультет туралы, мамандар даярлайтын оқу бағдарламалары туралы айтып берді. Сондай-ақ, музыкалық білім беру кафедрасының меңгерушісі М.Д. Мужчиль, алғашқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі В.В. Сунцов, психология және коррекциялық педагогика кафедрасының аға оқытушысы Г.Т. Сыздықова, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Л.Т. Байжұманова да факультет туралы ақпарат ұсынды. Ашық есік күні аясында бейнефильм көрсетілді, соның арқасында түлектер факультетті, оның кафедраларын және күнделікті студенттік өмірді көре алды. Әрі қарай байланыс диалог алаңы (сұрақ-жауап) түрінде өтті. Іс-шара факультет мамандықтарына талапкерлерді тарту мақсатында өткізілді. Психология, педагогика және мәдениет факультеті View the full image View the full image View the full image View the full image